Білу және түсіну: 1. Мына терминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер: химиялық элемент-
тер, химиялық заттар?
2. Судың қандай агрегаттық күйлері бар?
Қолдану: 1. Сүйек, құрғақ тұқым, медуза, ми және адам ұрығының құрамында қанша
мөлшерде су бар?
2. Судың қату және қайнау температураларын көрсетіңдер.
Талдау: 1. Оқыған материалға сүйеніп, судың қасиеттерін көрсетіп, кесте құрас -
тырыңдар.
2. Тірі ағзалар үшін негізгі элементтердің маңызын талдаңдар.
Синтез: 1. Қосымша материал мен интернетті пайдаланып, «Су – тіршілік көзі»
деген тақырыпқа эссе жазыңдар.
2. Су қандай қасиеттеріне байланысты тамырдан жапыраққа, жер бетінен
ағаш басына қарай көтерілетінін түсіндіріңдер.
64
Бағалау: 1. Тіршілік үшін әмбебап еріткіш ретінде судың маңызына баға беріңдер.
2. Судың жылусыйымдылығы жоғары, сұйық күйіне қарағанда қатты
күйінде жеңіл деген сияқты қасиеттерін бағалаңдар.