63
болады. Өсімдіктерге тамыр түзу үшін, жемістері пісу үшін, олардың
қанттылығы және тұқымдарда май жинақталу үшін қажет. Жануарлар
және адамның сүйегі мен тісінің құрамында болады.
Калий
(К) өсімдікке сабағы мен жасушаларының қызмет атқаруы
үшін қажет. Жануарларға жасушалардағы электр құбылыстары үшін
керек.
Калüций
(Са) фосформен бірге сүйекке, тіске, теңіз бақалшақтары
(ракушка) мен ұлу қабыршағына қаттылық қасиет береді. Жеке
зарядталған бөлшектер ретінде қан құрамына кіреді. Қанның құрамында
кальций болмаса ұйымайтын еді және бір жеріңді кесіп алғанда қан
тоқтамайтын еді. Өсімдіктерде кальций көпжасушалы ағзаларда өсімдік
жасушаларының бірігуін қамтамасыз ететін заттар құрамына кіреді.
Темір
(Ғе) қаны қызыл түсті барлық жануарлардың қанының
құрамында болады. Тыныс алу мүшелерінде оттекті қосып алып,
ағзаның әрбір жасушасына тасымалдау үшін керек. Егер топырақта
темір болмаса, өсімдікте жасыл хлорофилл түзіле алмайды. Хлорофилл
құрамына темір ешқашан кірмейді, бірақ өсімдік жасушасында хлоро-
филл түзілу үшін қажет.
Бұлар тіршілік үшін қажет элементтердің бір бөлігі ғана. Басқа
маңызды химиялық элементтермен келесі сыныптарда химия және
биология курстарында танысасыңдар.
Бетт³к кер³лу, жылусыйымдылық, өз³н-өз³ тазарту қаб³лет³,
әмбебап ер³тк³ш, азот, фосфор, калий, калüций, тем³р.
Достарыңызбен бөлісу: