2-тапсырма. Әңгіме оқиғасына назар аударыңдар.
!
Ïейзаæ (французша
paysage
– мекен, өлке) – белгілі бір
жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Әдеби шығармадағы
жаратылыстың, яки табиғаттың көркем бейнесі. Жазушы
әдеби шығармада образдық-метафоралық жүйенің арқауы
ретінде табиғат келбетін пайдаланады.
Көркем пейзаж жасау суреткердің дүниетанымының
кең дігіне, рухани және материалдық мәдениеттерді жете
білуіне байланысты. Ассоциация арқылы поýзиялық
сұлулық тудырады, ой-шеңбер өрісімізді кеңейтеді.
Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын,
сөздің музыкалық, поýзиялық, көркемдік қасиеттерін
жарқырата ашуға ұйтқы болса, екінші жағынан,
шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады.
Серік неãимов
ÏРоÏиСКА
(Әңгіме)
Æелтоқсанда із-түзсіз кеткендердің
рухына бағыøтаймын.
Автор
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-
сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы
Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел
байлаған. Көкек келсе де, наурыз жылымығының қайырма қызыл
шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған
ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-
арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолау-
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
104
шыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып
тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта
қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас
келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта
отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде
көзін жұмған.
Суыр малақайын көкжелкесіне ысырып, автобустың қабырға-
сына шалқая отырып, Архат ойға батты. Жолаушылар автобус іші
жылы болса да қымтана түсіп, күбір-сыбырлары азайған. Кедір-
бұдыр сүргіленген тақтайдай тасжол іші-бауырды солқылдатып,
адамның зықысын кетіре лоқ-лоқ ұрып қояды. Жол ұзақ. Кемінде
алты сағат жүру керек. Адамды отыра беруден қажытып-ақ жіберді.
Жеткенше зарығып боласың!.. Бұл Күршімге асығып та келеді.
Туған жеріне жеті жылдан астам уақыт өткенде оралды-ау, бұл.
Әне келем, міне келем деп жүріп өмірдің ағымымен келе алмаған.
Жол түскені – бүгін. Онда да төрт ай бойы сергелдеңге түсіріп,
құрдастары «Сергелдең Сері» атаған паспортқа отыру мәселесі бол-
маса, әй, келе қоймас еді. Тірлік деген – сол.
Мұнда бірақ ұзақ болмас. Әрі кетсе – үш ай. Екі қолға бір
жұмыс: табылса – жеңіл-желпі қызмет, табылмаса – қара жұмыс.
Көңілге демеу – Шірікаяқта тұратын үлкен ағасы, соның үйінде
тұрмақ. Ол да ауру: әйтеуір, ептеп-септеп елмен бірге күн кешіп
жүр. Жеңгесі орысша өскен, шайпау болатын. 1979 жылы жаз-
да әкесі қайтыс болғаннан кейін, бұл аға-іні, жалғыз анасымен
Алматыға көшкеннен бері тұңғыш көргелі отыр. Қазір екі баланың
анасы, бәлкім өзгерген де шығар. Араласпай кеткелі де қай заман:
аттай жеті жыл... Аға-жеңгесі бірақ сыртқа теппес. Бауыры ғой.
Басына іс түсіп келеді ғой, басқа қайда барады? Қаны емес пе?!
Қайдам, ондай қылық танытуы да ғажап емес. Қазір екі туып,
бір қалғанына да қиғаш қарайтын болып кетті ғой. Егер ауырсы-
нып жатса, бір сыныптасының үйінде пәтерге тұрар. Ер жігітке
сол да сын болып па! Ең бастысы – паспортқа «пропискаға» оты-
рып, бес жүз сом ақша тауып, Алматыға қайту. Ағасы, әрине,
бес жүз сомды бере алмайды. Ол – анық... Осы бір бес жүз сом
болмағанда, қызметке орналасып-ақ кетер еді. Бәрінен де төрт ай
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
105
бойы сергелдеңге салынғанын айтсаңшы. Сол бір желтоқсанның
бұрқағы болмағанда, құда да тыныш, құдағи да тыныш, Алматыға
іргелес ауылға паспортқа отыра қояр еді. Сол бір сұмдық көтеріліске
тайқы маңдайы тап келіп, қызуқандылықпен килікпегенде, қалың
тұманда адасып қалған адамдай сандалмас па еді... Желтоқсанның
ызғары әскерден «запастағы офицер» болып оралған мұны да
қарыды ғой. Ақыры, астана түгілі, маңындағы өзі тұрған ауылға
да тұрақтай алмады.
Тұрақтатпады ғой... көрші-қолаң «желтоқсаншы» екен деп
шығармағанда, ал Íиколай бригадир мұның туған ағасы Дәурен-
нен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: «Інісі әскерден келе
салып, 17-ші желтоқсаннан 21-іне дейін үйінде қонған жоқ. Ел де-
кабристермен бірге Алматыда болыпты деп жүр... Анық-қанығын
анықтаңыздар! Ағасы коммунистік партия мүшелігіне канди-
дат болса да «сенімсіз адам», інісінің іс-әрекетін жасырып отыр.
Тексеріңіздер!» – деп «донос» жазып, Мемлекеттік Қауіпсіздік
комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда... Өкініш жоқ бірақ,
көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып
қатысты. Таяқты да жеді... жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай
алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде
тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан, қоя берді.
Ана бір Базиев деген капитан, өзінің ұлты балқар екен, сол қол
ұшын берді...
Тыста суырып соққан жел қаңтардың аяғында қағынған бура-
дай бұрқырап, көлікті жүргізбеуге айналған. Осыдан бір-екі жыл
бұрын ғана бір автобус жолаушы осы Ұлан асуында шала-шар-
пы үсініп қалған. Қазір де кей жолаушылардың есіне сол жай
түскен-ді. Абырой болғанда, ешқайсысы бір-біріне тіл қатпады.
Боранның аужайын әркім өзінше түюде.
Аздан кейін автобус тоқтауға айналды. Íаурызда ғана жауған
қалың күпсекті көтеріп, борап жауған жылбысқымен араласқан
аласапыран аруақтанып-ақ алғандай. Қыстай қанша күресе де,
қабақ-қабақ көтерілген күрежолдың үсті дәл қазір адам айырғысыз.
Шофер жігіт талай жүріп жүрген жолы болғандықтан, ой жобамен
қарды бұза-жара сылбыр қозғалып келеді. Кенет сары автобус бір
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
106
жағына қиқаң ете лықси беріп, бір жамбасына қарай ошарыла
құлады. Бағанадан бері сыр білдірмей шыдап отырған жұрт у-шу
болған күйде сол жақтағылардың үстіне ауды. Сол қабырғасына
қисая құлаған автобустың моторы өшіп, едені көтеріліп кеткен.
Үлкендер мен қыз-келіншек әйелдердің улап-шулаған дауы-
сын баса, капот үстінен мойнын созған шофер ақырып жіберді:
«Тоқтатыңдар, паниканы! Жігіттер, мен есікті ашамын қазір,
басқалардың шығуына көмектесіңдер! Автобусты тезірек тұрғызып
алуымыз керек. Қар басып қалса, қайран болмай қалады. Давай,
жігіттер!»
Артқы есік ашылған бойда тыстағы боран ішке лап қойып,
аждаһадай ұйтқып ала жөнелді. Есіктен құйылған қар Архаттың
да ашық өңіріне сау етіп, мойны мен алқымын мұздай қарыды. Ар-
хат бірінші болып қырынан жатқан автобустың үстіне көтерілді.
Ат құлағы көрінбес боран орай да борай борап, екпінімен қаңбақ
құрлы көрмей жұлып түскісі бар. Тысқа тағы бір жігіт шықты.
Қалғандары іште. Іштегі жігіттер көмектесіп, жолаушылар көкке
қарап қалған жылы автобустың есігінен біртіндеп шыға бастады.
Ең соңынан шофер көрінген.
Жас балалы келіншек пен үш-төрт қартаң әйелдерден
басқалардың бәрі де, шофердің айтуымен, автобусты аяғынан тік
тұрғызуға кірісті. Алдымен оң жақ дөңгелектер көтеріліп кет-
кен жолдың сорабы екі тік күрекпен жанталаса тазаланды. Бұған
төрт жігіт тартылған. Автобустың ұзына бойы белуардан ойыл-
ды. Ондағы мақсат: бір қырынан жатқан автобусты түзеген кез-
де төрт дөңгелегі тең басуы үшін. Іле-шала қисая қырындаған
автобустың сол жағынан омбы қарды тізеден кешкен отыз шақты
адам жабыла ырғып, шофердің айтқанындай өз орнына дік еткізді.
Қожанасырдың моласындай қисайған көлік қалыпқа келісімен,
бәрі де қуаныса қауқылдасып, жабық есік аузына жақындады.
Шофер есікті ашып, жолаушылар ішке өткен. Машина оталмаса
да, шофер Архат пен тағы бір жігітке автобустың алдын аршуды
бұйырды. Ол екеуі лып ете түскен. Әп-сәтте ұйтқыған боранмен ар-
палыса тазалаған болып, қайта ішке енді. Шофер автобусты отал-
дыра қоймапты. Капотты ашып тастап, әлденені шұқылап жатыр.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
107
Іші бағанағы ұжмақ жылуынан айырылыпты. Кейбіреулер аяғын
резеңке төселген еденге сатырлата соғады.
Үш жас жігіт жиналмалы есікті айқара аштыра бере тыста
құтырынған қарлы құйын ішке қарай қотарыла құйылсын. Бірақ
ана үшеуі ештеңені елемегендей іле-шала шығып кетті. Олар
кетісімен іштегілер жолдарының оң болуын тілесіп, аз уақыттан
кейін үндемей қалысты. Боран бақсыдай автобусты айнала асыр
салып үйіріледі. Шофердің қасында егделеу бір адам мен тағы бір
жігіт көмектескен болып жатыр. Басқалар күдікпен күтулі, ішінде
өзі де бар...
Далада бөрідей ышқына ұлыған боран, іште ызғарлы аяз. Ар-
хатты үзік-үзік ойлар жайлаған.
– ...Асығыспын, ауданға кетіп барам. Ертең келерсің деген
өзіңіз емес пе едіңіз, – деп Архат Жетісу ауылының ауылсоветі
Қақатаевтың алдында әскери формамен сымша тартылып тұрып
еді-ау!..
– Айтсам, айтқан шығармын. – Қақатаев үстелге салбыраған
қабағын көтерген. – Дәл мына жағдайға байланысты РОÂД-дан ин-
струкция алатынымды қайдан білейін?!
– Инструкцияның маған қандай қатысы бар, аға? Отан
алдындағы борышымды өтеп келдім...
– Өз басыңа ештеңе деп тұрғаным жоқ. Әзірге күте тұр. Армия-
дан енді келсең, әлі «пропискаға» уақыт бар. Астананың іргесіндегі
ауылмыз. Декабристердің дүрбелеңі... – деп Қақатаев күмілжи
берді. – Сондықтан да сондай инструкция берілген... Тоса тұр.
Одан Алматыға ат басын бұрды ғой бұл. Мұнда да дүңк-дүңк
дүрсіл дауыс қарсы алған.
– ...Төрт ай жүрсең қайтейін! Ауылың паспортқа тұрақ-
тандырмаса, кімнен көресің, өзің де кінәлі, – деп орнынан тұрды
қара торы келген подполковник.
– Жолдас подполковник, ауылсовет көлеңкесінен қорқып отыр.
Анадағы оқиғадан кейін қала маңындағы колхоз-совхозда бүкіл
паспортқа тұрақтанушылардың тізімін жергілікті совет арқылы
алып, тексеру жүргізіліп жатыр. «Көбісінің адресі жоқ, үйді-
үйде «жоғалған» пропискалылардың әрқайсысына 300 сомнан
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
108
штраф салып жатырмыз. Мен сені бұл іс бітпей отырғыза алмай-
мын, өйткені өзің түсінесің ғой, заманның кең-мол кезінде ауыл-
да тұрақтанғандар қаңғып-қаңғып кеткен. Қайда жүргені белгісіз.
Оларды түгелдей тауып, шығарғанын шығарып, шығармайтынын
тізімге алып болмай, ешкімді де пропискаға ала алмаймын! Жеп
отырған нанымнан айырылар жайым жоқ. Íұсқауды бұзуға хақым
тағы жоқ!» – деп жолатпайды. Жұмысқа «пропискасыз» алмай-
ды. Мамандығыммен ауылда да, Қаскелең ауданында да орын жоқ.
Қалада орын бар екен, бірақ алдымнан «прописка» шықты тағы да.
Үйдің көлеміне тұратын адамдармен қосқанда, мен сыйып тұрмын,
аға. Жақын туысымыз ғой.
Архаттың сөзін орнынан атып тұрған ұзын бойлы подполков-
ник бөліп жіберді:
– Ëегендаңның түкке де қажеті жоқ мен үшін. Отырмайсың!
Қалаға кіргенше – қараспан алған сорлысыңдар, кірсеңдер –
басбұзар бұзақысыңдар... Сенсіз де қаладағы кердеңдердің лаңы аз
емес.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
109
– Жолдас подполковник, мен сізге бұзық емеспін! Арғысы –
әскерден төрт ай бұрын келген солдатпын, бергісі – запастағы
офицермін өзіңіздей.
– Енді неғыл дейсің, фамилияң бөлек... Марш!
– Сонда қайда бармақпын? Â конце концов – шетелден қашып
келгем жоқ қой...
– Қайда барсаң – онда бар. Мен сені шақырғам жоқ. Давай,
марш отсюда! – деп зілденді.
– Сіздің олай деуге хақыңыз жоқ. Мен – Совет азаматымын.
– Сен мені үйретейін дедің бе? Өзің кешегі декабрьге қатысқан
қу шығарсың... – Подполковник сынай қарап, кекете жөткірінді.
– Қатыссам – қатыстым... Оған бірақ дәлеліңіз жоқ сіздің! –
Архат та шарт кетті. – Декабрист деп дүре соқсаңыз да...
– Õватит! Товариù гражданин, сей÷ас же идите, ина÷е я буду
вас посадить!
– Íе имеете право!
– Ох, как имею!.. Арестую вас, как неповиновение закону.
– Пусть так, товариù подполковник! Ëу÷ше в камере сидеть,
÷ем без надежды бродить... Мне уже некуда! ×то хотите, то и де-
лайте. ß буду рад!
– Ты ÷то, серьезно ÷то ли? Мен отырғыза алмаймын бәрібір.
Сен ауылда тұрасың, әскери у÷етың да сонда. Âсе! – Подполковник
атшаптырым кабинеттің төрінен есікке адымдай беттеді. Калинин
ауданы милиция бастығының соңынан Архат еріксіз ере шыққан...
Енді міне, бойы тоңазып, қарадай елегізіп Алтай биігіндегі
бұрқақта бұйығып отыр. Әлгі бір алас-күлес ақ түтекте атып шығып
кеткен албырт азаматтар қайда жүр екен деген дерексіз ой оралды.
Адасып кетер ме екен, әлде жол таба алар ма бұлыңғыр бұрқақта?!
Өз атамекені ғой бірақ...
Беттен алып, төске шапқан қарлы желмен жолаушы автобусы
Ұлан асуында үш сағаттан аса алысып, ақыры Самар жазығына
еңкейер тік шатқалға іліккенде пышақкесті тыйылған-ды. Бұл
кезде күн бесіннен ауып, бұлыңғыр аспан асты мен терең шатқал
ішін қараңғылықтың хабаршысындай зәрлі көлеңке иелеген. Сары
автобус кілт тоқтады. Шофер орнынан көтеріліп, ту сыртын жа-
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
110
уып тұрған Алтай барысы суретті плакатпен жапсырылған жалпақ
әйнек шетінен кеудесімен көрініп, Ұлан асуынан айтқанға көнбей,
өз бетімен кеткен үш жас жігітті жолаушылардың есіне түсірді.
Олар із-түзсіз кетіп, ізім-қайым болғанына көп болмаса да,
жұрт жадынан шығып та үлгергендей... Әркім-әркім әртүрлі дол-
бар жасап, бәлкім асудан аман-есен асып, әлде бір қыстаққа жет-
кен шығар деп топшылаған. Алдымызда кетіп бара жатқан болар
дегендерге шофер үзілді-кесілді «жоқ!» деді. Асудағы алас-қалас
ақ түтек арасында қалып қоймады ма, тау басы мекенсіз ғой де-
ген күдік кім-кімнің де көңілін жайлаған... Бірақ жамандыққа
қимаған, ауыздарының батылы жетпеген – бұлдыр үмітке сенген.
Олардың қайда бара жатқанынан да жолаушылар хабарсыз бо-
лып шықты. Самар мен Күршім – екі ауданның қайсысынан екені
белгісіз.
Айналасы екі жүз шақырым аймақтың ауа райы құбылмалы-
ақ.
Сары автобустағылар Самарға сағат жетіден аса жетті. Шо-
фер асуда бой бермей кетіп қалған үш жігіт жайлы тиісті орынға
хабарлады... Іңір ілінген. Мұнда екі-үш адамды түсіріп тастап,
екі-үш жолаушыны отырғызып алып тартып кетті. Олар Ертіске
жеткенде түн түнегі қымтап, ай туған. Кәрі өзен үстінде аяз
күшті болушы еді, бүгін бірақ қалың қар мен көк мұзды астынан
солқылдата ерітетін өлкек соғып тұр екен. Әлі түсе қоймаған мұз
үстінен қызыл су жүріп, жылым пайда болып, жарық ай сәулесі
мен көтерілген селдір бу арық малдың шарбысындай жұп-жұқа
перде тұтыпты.
Алып өзеннің арғы жағасы көрінер емес. Ол жақта бұларды
күтіп тұрған да еш көліктің жыпылықтатқан жарығы көзге
ілікпеді. Сары автобустан түскен жолаушылар кәрлі Ертісті бой-
лай соққан өлкек пен мамыра-жай жайылған қызыл суға қарап
тұрды да, амалсыз автобусқа енді. Жас балалы әйел жылаған
сәбиін емізіп алуға жолаушылардың орын-орындарына түгел
жайғасуын күтті...
Елдің артынан енжарлау енген Архат қана. Қызыл су жүріп
жатқан ұлы Ертістің арғы бетіне өте алмады. Өлі мұз жібіп, жетер
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
111
жеріне жеткізбеді. Өткелсіз өзенге не шара?! Бұл бірақ алмағайып-
та Алматыға сыймаса да, атан атамекені Алтайына табанын тіреп,
ертең-ақ ал көңілі бүрлеп шыға келер.
Жолаушылар мінген автобус Самарға кері қайтты. Оған
көкқаяз тасжолға шағылған жалғыз ай ілескен. Асуда бұрқақ,
өзенде өлкек соққан құбылмалы күн түнге ауысқан. Архат
Күршімге күнбе-күн жете алмады. Ал бұрқақта бұлаңытып кет-
кен бұландай жігіттер сол бойы оралмады... Архат ымырт аязы-
нан тітіркеніп қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |