23
әбу нАСыР әЛ-ÔАРАби
(870–950)
Әбу Íасыр әл-Ôараби – қыпшақ даласынан
шыққан ұлы ýнциклопедист ғалым. Ойшыл,
философ, математик. Ол – әдебиет пен музыка
зерттеушісі, ақын. Толық аты-жөні: Әбу Íасыр
Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Ôараби.
Болашақ ғалым
алғашында туған жері Оты-
рар медресесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара,
Мысыр, Õалеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-
жақты білім алған. Дүниежүзілік ғылым мен
мәдениеттің Аристотельден
кейінгі екінші ұстазы атанып, көп
тілді меңгерген.
Оның философия, жаратылыстану,
астрономия, математика,
медицина, логика, ýтика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл
білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны
мәлім.
Ұлы ғалымның көптеген еңбектерінің ішінен бүгінгі ұрпақтың
қолына қырыққа жуық ғылыми жазбасы жеткен.
– Әл-
Ô
араби – ғылымның алуан түрлі саласымен, оның ішінде әдебиет
теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теория сы
бойынша көптеген зерттеулер жазғанын әл-Ôараби
шығармаларының
сақталып қалған мұраларынан білеміз. Араб ғалымы ибн Әби Óсайбаның
(1203–1270) айтуы бо йынша, әл-Ôарабидің өлең құрылысын зерттеуге
арнаған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» деп ата-
латын еңбектері болған.
– Бұл салада әл-Ôарабидің бізге толық күйінде жеткен екі кітабы
бар. Олардың бірі «Өлең өнері» деп аталады. Кітапта араб поýзиясының
теориялық мәселелері айтылады. Мұнда өлеңнің мазмұны мен фор-
масы арасындағы үндестік мәселесі т.б. жазылған. Екіншісі – «Өлең
өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Онда грек
поýзиясының
жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау
жасаған.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217