Капиталды жоба (инвестициялық жоба) – инвестицияларды жо-спарлау мен жүзеге асыру нысаны
Капиталды құрылыс – капитал салымдарын жүзеге асыру жəне негізгі қорларды іске қосу
Капиталдың қашуы – мемлекеттен заңсыз негізде жиналған қаражатты алу үшін, жоғары салықтар, экономикалық жəне саяси тұрақсыздық есебінен капиталдың кетуі.
Капиталдың халықаралық қозғалысы – шет елде капиталдың орналасуы мен қызмет етуі, ең бастысы оның өзін-өзі арттыру мақсатында жүзеге асырылады
Күрделі қаржыландыру – негізгі капиталдың (негізгі қорлар)
ұдайы өндірісіне салынатын инвестициялар (инвестицияларды қара.)
Кассалық операциялар – тікелей түрде тек мəмілеге отырғаннан кейін атқарылатын қор рыногындағы операциялар
Кəсіпкерлік қабілеттілік – ең бастысы кəсіпкерлерді, сонымен қатар кəсіпкерлік инфрақұрылымды, кəсіпкерлік əдеп пен мəдениетті қамтитын экономикалық ресурстардың бір түрі
Достарыңызбен бөлісу: |