Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


екі түрде көрініс табады: а) алынбай қалған пайыз шамасы



Pdf көрінісі
бет108/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

екі түрде
көрініс табады:
а) алынбай қалған пайыз шамасы; 
ə) банкке барудағы уақыттың шығынын ақшалай бағалау.
Банкке барумен байланысты жиынтық шығындар мына фор-
муламен анықталады:
iY/(2N) + FN,
мұнда, iY/(2N) – алынбай қалған пайыз; N – банкке бару саны; 
F – банкке бару шығындары.
Экономикалық жағынан ұтымды субъект өзі үшін жиынтық 
шығындары минималды болып табылатын банккке барудың са-
нын анықтайды.
ХХ ғасырдың 50-жылдары жасалған Баумоль-Тобин үлгісі 
ақшаға трансакциондық сұраныстың ерекше бір түрі болып та-
былады жəне ақшаға сұраныс теориясының аса дамыған үлгісі 
ретінде қарастырылады. Мысалы, егер индивид өзінің активтерін 
тек ақшалай нысанда ғана емес, сондай-ақ ақшалай емес (акция, 
облигация түріндегі) нысанда да сақтай алса, онда бұл үлгінің 
тəжірибелік қолданылу аясы кеңейе түседі.
Баумоль-Тобин үлгісі ақшаның айналым құралы ретіндегі 


152
қызметін ғана мойындайды. Осы үлгіге сəйкес, ақшаға сұраныс 
табысқа тура тəуелділікте, ал пайыздық қойылымға кері тəуел-
ділікте болады.
Ақша ұсынысы
(
M
S
) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша 
көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің 
талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша 
ұсынысын 
M
1
ақша агрегаты деп қарастыруға болады:
M
S
 = C + D.
Екінші деңгейлі банктер депозиттерінің бір бөлігін ғана 
резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін несиелер түрінде 
қарыз беру үшін жəне активті операциялар жүргізу үшін пайда-
ланады. Басқа қаржылық институттарға қарағанда, банктер ақша 
ұсынысын өсіре алады. Ақша ұсынысын өсіру банктік немесе 
несиелік (депозиттік) мультипликаторын іске қосу арқылы жүзеге 
асырылады. 
Банктік мультипликатор
– екінші деңгейлі банктер 
жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозиттің 
пайда болуы нəтижесінде туындайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет