Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Үлкен (ірі) ашық экономика



Pdf көрінісі
бет234/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Үлкен (ірі) ашық экономика
оның ауқымына байланыс-
ты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процес-
тер əсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жа-
пония, Қытай, Алмания). Бұл елдер əлемдік қор жинағы мен 
инвестицияның едəуір бөлігіне ие болғандықтан, əлемдік пайыз 
мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете алады.
Ашық экономиканың негізгі белгілері:
- ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы;
- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;
- тұтынудағы импорт үлесі;
- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси 
бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы 
ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға 
тəуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені 
оның дамуына сыртқы сауда көп əсер етпейді.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
– экономикалық жүйенің 
балансталған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік
– толық жұмысбастылық пен инфляциясыз 
жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі. 
Ішкі тепе-теңдік мəселесі бюджеттік-салық жəне ақша-несие 
саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі.
Сыртқы тепе-теңдік
– валюта бағамының тағайындал-
ған (тұрақты) жəне құбылмалы режиміндегі төлем балансының 
нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындагы тепе-теңдігі. 
Валюта нарығындағы тепе-теңдік, бұл – елге валюта түсімдері 
мен шетелдерге валюта төлемдерінің сəйкестігі.
Ашық экономиканың классикалық үлгісі мемлекеттік реттеу-
ді қажет етпейді. Төлем балансының теңсіздігі ішкі бағалардың 


311
өзгеруінің автоматты механизімі мен алтын валюта резервтері-
нің бір елден басқа елге қозғалысы арқылы өздігінен реттеледі.
Бір мезгілдегі ішкі жəне сыртқы тепе-теңдіктің Кейнстік ме-
ханизмі мемлекеттік реттеу шараларына сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет