Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет39/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Мемлекеттік шығындар (G)
– мемлекет тарапынан бола-
тын тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстарды сипаттайтын 
АD-ның бір компоненті. Мемлекеттік сатып алымдар ретіндегі 
та уарлар мен қызметтерге, əдетте, мыналар жатады: қару-жарақ-
тар өндіруге тапсырыс беру, құрылыс жабдықтарын сатып алу, 
мемлекеттік мекемелерді (мектептер, ауруханалар жəне т.б.) салу, 
басқарушылық аппаратты қамтамасыз ету жəне т.б.
Таза экспорт (X
n
)
– бұл экспорт пен импорт құндарының 
айырмасына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық экономикада 
өндірілген отандық тауарлар мен қызметтерге деген экспорттық 
сұраныстары жəне ұлттық сатып алушылардың сол шет мем-
лекеттердің өздерінде өндірген тауарлары мен қызметтеріне 
де ген импорттық сұраныстары арасындағы айырмашылықты си-
паттайтын АD-ның құрамдас бір бөлігі. Импорт көлемі ел ішінде-
гі ішкі табыстар шамасына, ұлттық өндіріс көлеміне, ішкі жəне 
сыртқы нарықтардағы бағалар деңгейінің арақатынастарына, со-
нымен қатар, ұлттық валютаның айырбас бағамына тəуелді бо-
лады. Ал экспорт көлемі шет елдердегі табыстар деңгейімен жə-
не өндіріс көлемімен, бағалардың арақатынасымен, валюталық 
бағамдармен анықталады.


58
Сонымен, 
жиынтық сұраныстың құрауыштары
дегеніміз 
– АD-ны ашық экономикалық жүйеде үй шаруашылықтары-
ның тұтыну шығындары (С), фирмалардың инвестициялық шы-
ғындары (I), мемлекеттік шығындар (G) жəне таза экспорт (X
n

тұрғысынан толық сипаттайтын агрегатталған компоненттер 
жиын тығы. Ал АD-ның формуласы негізгі макроэкономикалық 
теңдік ретінде былай жазылады:
Y
D
 (АD) = C + I + G + X
n
Жиынтық сұранысқа бағалық жəне бағалық емес факторлар 
əсер етеді. Баға AD-ның аса маңызды детерминантасы болып та-
былады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет