59
Абсцисса осінде – нақты ЖҰӨ немесе өндірістің нақты кө-
лемі, ордината осінде – бағалар деңгейі немесе дефлятор, яғни
абсолюттік емес, салыстырмалы көрсеткіш.
AD қисығы төмен қарай бағытталған, өйткені бағалардың
өсуі (Р↑) қолдағы ақшаның нақты көлемін (М/Р) қысқарта-
ды. Сəйкесінше, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс (Y↓)
қысқарады. Осы арқылы AD-ның көлемі мен бағалар деңгейі
(ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығын тұрақты
деп алғанда) арасында кері тəуелділіктің бар екені түсіндіріледі.
AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш əсер (эффект)
арқылы түсіндіріледі:
1. Кейнс əсері
(пайыз мөлшерлемесінің əсері);
2. Пигу əсері
(нақты кассалық қалдықтар əсері немесе байлық
əсері);
3. импорттық сатып алымдар əсері.
Кейнс əсері
(пайыз мөлшерлемесінің əсері) былай түсін-
діріледі, яғни бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген
сұра ныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында
па
йыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме-
сінің өсуінен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қыс-
қарады, олай болса, AD көлемі де қысқарады:
Достарыңызбен бөлісу: