115
отырып, игіліктер нарығында басты
макроэкономикалық субъект
ретінде жұмыс істейді.
Бюджет-салық (фискалдық) саясаты
– бұл макроэ
ко-
номикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэ
ко
но-
микалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық мəселелерді рет-
теу үшін мемлекеттің шығындары мен салық салу механизмдерін
өзгерту арқылы экономиканың іскерлік
белсенділік деңгейіне
саналы түрде əсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық
табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне
жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер
ете отырып, жұмыссыздық
пен инфляция сияқты макроэкономикалық мəселелерді шешуге
бағытталған.
Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше
мақсаттары
бар:
1. Экономикалық циклдің ауытқуларын
қалпына келтіріп
отыру.
2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың
жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнкту-
ра) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:
1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.
2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.
Дискрециялық бюджет-салық саясаты
– бұл үкіметтің
арнайы
шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюд-
жет сальдосын жəне мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты
бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың
бұл түрін жүргізу барысында үкімет
арнайы заңдар қабылдап,
инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі
мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде
өзгертіп отыра-
ды. Дискрециялық саясат экономикалық құлдырау кезеңінде
жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде
мемлекеттік шығындарды арттырып немесе салық салу деңге-
йін қысқартып, бюджет тапшылығын тудырады жəне,
керісінше,
экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет артықшылығын қа-
лыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық
саясатының өзі екіге бөлінеді: