262
Іскерлік циклдерді зерттеуде екі негізгі көзқарас бар:
детер-
министік
жəне
стохастикалық
. Олар циклдік толқулардың
пайда болу себептерін əртүрлі түсіндіреді.
Детерминистік
бағыт бойынша, циклдің себептері – болжам-
балы факторлар, өйткені іскерлік белсенділіктің
толқулары ма к-
роэ
кономикалық динамиканың тұрақты заңдылығына айна-
лады. Макроэкономикалық динамиканың басты көзі ретінде
ке шігушіліктер
саналады, олар жүйелік
сипат ала отырып,
эко
номикалық субъектілердің өзгерген жағдайларға бірқатар
кеші гіп барып əсер ететінін сипаттайды.
Ал стохастикалық бағыттың негізінде «импульс-таралу» меха-
низмі қарастырылады. Орыс экономисі Евгений Слуцкий мен нор-
вег экономисі Рагнар Фриш бірінші
болып экономикалық циклді
«импульс-таралу» теориясы тұрғысынан зерттеген.
«Импульс-
таралу» механизмі
– бұл белгілі бір уақыт бірлігіндегі ұлттық та-
быс пен шығарылым көлеміне əсер ететін
кездейсоқ сілкіністердің
жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері. Сілкіністер немесе им-
пульстер ұзақтылығы мен амплитудасы əртүрлі болып табылатын
циклдерді туындатады.
Сілкіністердің үш түрі
бөліп көрсетіледі:
а)
ұсыныс сілкіністері;
ə) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері
– бұл шикізатқа деген əлемдік ба-
ғалардың
ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасам-
паздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері
– бұл тұтынушылар мен фирмалардың
мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен
туындайтын тұтынушылық жəне
инвестициялық шығындардың
өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: