364
ə) эмбарго жəне валюталық шектеулер
б) квоталық емес жəне
еркін экспорттық шектеулер
в) тарифтік емес шектеулер
21. Импорттық тариф пен квотаның арасындағы айырма шы-
лықты қарағанда, тек тариф қана:
а) мемлекеттік бюджетке табыс əкеледі
ə) бағалардың
өсуіне жол береді
б) ел ішінде өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жағдай жасайды
в) халықаралық сауданың құлдырауына алып келеді
22. Мемлекеттің сауда саясатында сауда эмбаргосы қалай орын
алуы мүмкін?
а) мемлекет ұлттық экономиканы қолдау мақсатында
тауар импор-
тына тиым салғанда
ə) қоғамдық мүдделерге сай жақын елдерден тауарды ресми емес
түрде импорттау əрекеттері
орын алғанда
б) қоғамдық мүдделерге сай жақын елдерден тауарды заңсыз түрде
экспорттау жəне импорттау əрекеттері орын алғанда
в) мемлекеттің басқа бір мемлекетке тауар экспорттауына немесе
басқа бір мемлекеттен тауар импорттауына тиым салғанда
23. Дж. Ст. Милльдің халықаралық сауда теориясы қалай си-
патталады?
а) шетелдерде аса үлкен сұранысқа ие
болған тауарлары бар ел
сыртқы саудада ұтады
ə) салыстырмалы артықшылықтар теориясын сипаттайтын жаңа
əдіс болып табылады
б) өндіріс факторларының тапшылығы
мен артықшылығы сыртқы
сауданың мүмкіндігін анықтайды
в) табиғи жəне географиялық факторлар сыртқы сауда мəселесінде
маңызды орынға ие болады
Достарыңызбен бөлісу: