Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Инвестициялауға деген шекті бейімділік



Pdf көрінісі
бет307/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Инвестициялауға деген шекті бейімділік 
(MPI – marginal propensity 
to investment) – жиынтық табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция-
лауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
Инвестициялық банктер
– бағалы қағаздарды шығару мен орна-
ластыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды тартатын, 
салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдаланатын ұйымдар.
Инвестициялық компаниялар 
– акциялары бар ұсақ компаниялар-
дың арасына өз акцияларын орналастыратын жəне қаржыларды эко-
но миканың əртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін 
пайдаланатын ұйымдар.
Инвестициялық шығындар
(I) – фирма сияқты ірі макроэкономи-
калық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жылжымайтын мүліктер 
ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке сатып алушылық сұра-
ныстарын сипаттайтын АD-ның ең маңызды компоненті.
«Инвестицияны ығыстыру əсері» 
- мемлекеттік шығындардың 
кө беюі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға əсер 
етуі.
«Импульс-таралу» механизмі 
– белгілі бір уақыт бірлігіндегі 
ұлттық табыс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сіл-
кіністердің жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері.


400
Инфляция 
– көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дəрежесі-
нің өсуі арқылы жəне нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің 
құнсыздануы арқылы бейнеленеді.
Инфляцияға қарсы саясат 
– инфляцияны төмендетуге бағыттал-
ған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы.
Инфляциялық үзіліс 
– тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбас-
тылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін қысқарту үшін жиынтық 
сұраныстың (жиынтық шығындардың) кемуіне қажетті көлем.
Инфляциялық шиыршық (орама) 
– сұраныс инфляциясын 
жəне ұсынысын инфляциясын туындататын факторлардың өзара бай-
ланысы мен əрекеттесуінің механизмі, яғни экономикада сұра 
ныс 
инфляциясының да, ұсыныс инфляциясының да қатар орын алуы. Ин-
фляциялық ораманың айналуы үрдісінде экономикалық субъек тілер дің 
инфляциялық күтімдері маңызды рөл ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет