Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


«Кепілдендірілген» экономикалық өсу



Pdf көрінісі
бет309/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

«Кепілдендірілген» экономикалық өсу 
– қолда бар өндірістік 
қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың 
салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіпкерлердің психологиялық 
күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік 
даму беталысы.
Кешігуші
немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау) 
фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне 
келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар 
саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне құрал-жабдықтарға кететін 
шығындар, жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық 
банктердің пайыз мөлшелемелерінің орташа деңгейі.
Коммерциялық банктер 
– əртүрлі операцияларды орындау мен 
қызметтерді көрсету арқылы заңды жəне физикалық тұлғаларға келі-
сімшарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық жəне басқа да 
банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын əмбебап тұрпаттағы 
несиелік мекемелер.
Контрциклдік көрсеткіштер
– циклге қарсы жүріп отыратын, жан-
дану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фазаларында ұлғаятын 
эко номикалық параметрлер. Оларға жататындар: жұмыссыздық деңгейі
банкроттықтар саны, дайын өнім қорларының мөлшері, т.б.
Көлеңкелі экономика 
– мемлекетке салық төлеуден жалтаратын 
жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.
Кредит 
– нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар 
үшін елге шетел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер 
жиынтығы жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады.
Кіші 
(шағын)
 ашық экономика
– кішігірім елдің экономикасы, оның 
əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне 
айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырт-
тан берілген, экзогендік түрде қабылданады.
Қайталама нарық 
– бұрын шығарылған құнды қағаздарды қайта 
сату-сатып алу қатынастары орын алатын нарық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет