Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет319/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Тарифтік шектеулер 
(кеден бажы) – қандай да бір елдің шекарасы-
нан өтетін тауарлардан, мүліктерден жəне құндылықтардан алынатын 
мемлекеттің ақшалай табыстары (салықтар).
«Тегеріш» əсері 
– жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың 
(ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекеттік шығындардың қысқаруы, 
салықтардың көтерілуі) əсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің 
қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизм.
 
Тежеуші бюджет-салық саясаты 
(қазыналық шектеу) – эко-
номиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығын-
дарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құ-
растырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл 
енжар фискалдық саясат болып саналады.
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу 
– белгілі бір уақыт 
аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін жиынтық сұраныс пен 
жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын көрсететін ұлттық экономика-


410
ның ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың 
теңгерімді өсуі нəтижесінде бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға 
болады.
Технологиялық прогресс 
– өндірістік үрдісті ұйымдастырудың 
жəне басқарудың жаңа əдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, 
өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның əртүрлі салаларындағы 
ашылымдар мен жаңалықтар жəне басқа да заманауи жетістіктер.
Тиімді сұраныс 
– өзінің жиынтық ұсынысын тапқан жəне соған 
сəйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі.
Толық жұмысбастылық 
– жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% 
жəне 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап 
тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын 
алады. Бұл көрсеткіштер əр елде əртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық 
жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға бол-
майды.
Төлем балансы 
– əдетте, бір жыл уақыт аралығында резидент-
тер мен резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне 
қаржылық келімдер туралы статистикалық есеп-қисап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет