409
ка жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып,
ұлттық экономиканың
өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Сілкіністер (шок)
– экономикада қандай да бір фактордың əсері-
нен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі.
Сэй заңы
– тауарлардың ұсынысы өзінің дербес сұранысын ту-
дыратын немесе өндірілген өнімнің жалпы көлемі сол өндірілген
тауарлардың барлық құнына тең жəне оларды толық сатуға (сатып
алуға) жеткілікті бола алатын жиынтық табысты
қамтамасыз ететіндігін
дəлелдейтін теория.
Табыстар саясаты
– мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақ-
сатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен тікелей
бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.
Таза салықтар
– жиынтық салықтар мен трансферттік шығын-
дардың арасындағы айырма.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ)
– тозған құрал-жабдықтардың орнын
толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің
жиынтығы.
Таза экспорт (X
n
)
– экспорт пен
импорт құндарының айырма-
сына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық экономикада өндірілген
отандық тауарлар мен қызметтерге деген экспорттық сұраныстары мен
ұлттық сатып алушылардың сол шет мемлекеттердің өз ұлттық эко-
номикаларында өндірген тауарлары мен
қызметтеріне деген импорт-
тық сұраныстары арасындағы айырмашылықты сипаттайтын АD-ның
құрамдас бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: