Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет9/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Позитивтік талдау
– бұл ұлттық экономиканың нақты іс 
жүзіндегі əрекетіне талдау жасау. 
Нормативтік талдау
– бұл ұлттық экономиканың дамуы үшін 
қандай да бір аспектілердің жəне жағдайлардың қолайлылы-
ғын немесе қолайсыздығын анықтайтын ұсыныстық жəне баға 
берушілік сипатқа ие əдіс.
Позитивтік жəне нормативтік бағыттардың тиімді үйлесімі 
макроэкономикалық зерттеушілерге, ғылыми абстракцияның жо-
ғары деңгейіне қарамастан, мемлекеттік экономикалық саясатты 
жүзеге асыру үшін теориялық негіз қызметін атқарады. 
Макроэкономиканың нақты 
мақсаттары
(мақсаттар жүйесі) 
мыналар:
1. Ұлттық өндірістің жоғары жəне өспелі деңгейін қамтамасыз 
ету, яғни нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру.
2. Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мəжбүрлі жұ-
мыссыздық кезінде) қамтамасыз ету.
3. Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы 
сұ раныс пен ұсыныстың өзара əрекеттесуі арқылы бағалар мен 
жалақының үйлесімділігін табу жолымен) қамтамасыз ету.
4. Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.
Бірінші мақсаттың мəні мынада, яғни кез келген ұлттық 
эко номикалық қызметтің соңғы міндеті – халықты қажетті та-
уарлармен жəне қызметтермен қамтамасыз ету. Ал ұлттық өнді -
рістің жиынтық өлшеуіші ретінде соңғы тауарлар мен қыз мет-
тердің нарықтық құнын сипаттайтын ЖІӨ саналады.
Макроэкономиканың екінші мақсаты жоғары жұмысбас 
ты-
лыққа қол жеткізу жəне жұмыссыздықты төмендету болып та-
былады. Экономикалық циклдің əр фазасында жұмыссыздық 
деңгейі ауытқып отырады. Тоқырау фазасында жұмыс күшіне сұ-
раныс қысқарып, жұмыссыздық артады. Ал жандану фазасында 
жұмыс күшіне сұраныс артады, жұмыссыздық қысқарады. Алай-


17
да, жұмысқа жарамды халықтың бəрінің қажетті жұмыс орнына 
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру – бұл қол жеткізілуі қиын 
күрделі міндет.
Макроэкономиканың үшінші мақсаты – еркін нарықтар 
жағдайындағы бағалардың тұрақтылығы. Бағалардың жалпы 
дең гейін тұтынушылық бағалар индексі арқылы өлшеуге болады, 
ол тауарлар мен қызметтер «қоржынының» шектелген жиынын 
алуға кететін шығындарды есептейді. 
Төртінші мақсат – ашық экономикаға қатысты жəне төлем 
балансының нөлдік сальдосы кезінде толық жұмысбастылық 
деңгейінде жалпы экономикалық тепе-теңдікке жету.
Осындай негізгі макроэкономикалық мақсаттардың арақа ты-
насы макроэкономикалық саясаттың негізгі міндетін сипаттай-
тын басты макроэкономикалық мақсатты анықтайды, ол екі ны-
санда көрініс табады:
1) аралық макроэкономикалық мақсаттар;
2) тактикалық макроэкономикалық мақсаттар.
Біріншісі негізгі макроэкономикалық міндеттердің маңыз-
ды лығын реттейді, ал екіншісі ұлттық экономиканың өзгеріп 
оты ратын экономикалық жағдаятқа қарай қайта жасақталып оты-
руын жүзеге асырады. 
Макроэкономика жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың 
əрекет ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде ең алды-
мен, макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориялық 
негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет