27
2-тақырып
ҰЛТТЫҚ ЕСЕПШОТТАР ЖҮЙЕСІ.
НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Мақсаты:
макроэкономикалық талдаудағы негізгі көрсет-
кіш терді жан-жақты талдау, ұлттық-есеп шоттар жүйесінің мəн
мағынасын түсіну, ұлттық экономика
деңгейіндегі негізгі сектор-
ларды қарастыру жəне негізгі субъектілердің əрекеттеріне баға
беру, ұлттық экономика шеңберіндегі табыстар мен шығындар-
дың шеңберлі айналымын жəне оның үлгілерін қарастыру. Осы
мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтарды талқылау қажет.
Дəріс жоспары:
1. Ұлттық есепшоттар жүйесі жəне оның пайда болуы.
2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жəне олардың
түр лері.
3. Жалпы ұлттық өнімді есептеу əдістері. Баға индекстері.
Негізгі түсініктер:
шеңберлі айналым үлгісі; жалпы ұлттық
өнім;
жалпы ішкі өнім; қосылған құн; атаулы ЖҰӨ; нақты ЖҰӨ;
аралық өнім;
соңғы өнім; ЖҰӨ дефляторы; Ласпейрес индексі; Па-
аше индексі; Фишер индексі;
жеке тұтыну шығындары; жиынтық
жеке инвестициялар; амортизация; мемлекеттік сатып алымдар;
таза экспорт;
таза ұлттық өнім; ұлттық табыс; жеке табыс; қолда
бар табыс; ұлттық есепшоттар жүйесі; таза экономикалық əл-
ауқат;
ұлттық байлық; қуат беру; жылыстау; көлеңкелі экономика
жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: