Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Жинақтауға деген шекті бейімділік



Pdf көрінісі
бет59/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Жинақтауға деген шекті бейімділік
(MPS – marginal 
propencity to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде 
жинақ өсімінің пайыздық үлесі.
MPS = ΔS / ΔY
d
,
мұнда, МРS – жинақтауға деген шекті бейімділік; ΔS – 
жинақтың өсімі; ΔY

– қолда бар табыстың өсімі.
Жинақтауға деген орташа бейімділік
(АPS – average 
propencity to save) – үй шаруашылықтарының жинақтауға қал-
дыратын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPS = S / Y
d
,
мұнда, АРS – жинақтауға деген орташа бейімділік; S – жинақ 
мөлшері; Y

– қолда бар табыстың мөлшері.
Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік 
қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға 
жұмсалатынын жəне қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. 
Сондықтан олардың қосындысы əрқашанда 1-ге тең болады:
MPC + MPS = 1
Тұтыну мен жинақтау функциялары оң көлбеулі болып табы-
лады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса


87
онда тұтынудың қисығы координат басынан 45° градуста бола-
ды. Алайда, шын мəнінде табыстың бір бөлігінің жинақтауға 
кететіндігі белгілі, сол себепті тұтынудың нақты қисығы одан 
төмен орналасады.
Тұтыну мен жинақтау бір табыстың екі бөлігін құрайтындық-
тан жинақтау қисығы тұтыну қисығының «айнадағы көрінісі» 
ретінде қарастыруға болады. Тіпті бұл жерде атақты экономист 
Пол Самуэльсонның аналогиясын келтірген өте орынды, яғни 
ол тұтыну мен жинақты 
«сиам егіздері»
деп атаған. Қолдағы 
табыс Y
0
-ден төмен болғанда (Е нүктесінің сол жағы) тұтыну 
шығындары қолдағы табыстан артады. Төменгі графикте бұл 
жағдай «теріс жинақтауға» сəйкес келеді, бұл жағдай «адамдар 
қарызға өмір сүріп жатыр» дегенді білдіреді. Е нүктесінде тұтыну 
мен табыс теңеседі, ал жинақ нөлге тең болады.
Ал қолдағы табыс Y
0
-ден жоғары болғанда (Е нүктесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет