Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет114/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Сапалық жинақтау. 
Бір текті құбылыстар мен нысандарды
оларды айқындайтын қасиеттің санын азайтуды 
сапалық жинақ-
тау 
дейміз.
Сапалық жинақтау төменде көрсетілген екі топқа бөленді: 
– бір текті құбылыстар мен нысандардың санын азайту;
– құбылыстарды айқындайтын қасиеттердің санын азайту. 
Бір текті нысандардың санын азайтуға ірі масштабты топо-
графиялық карталардағы соқпақ, тас төселген жəне асфальт 
төселген жолдардың ұсақ масштабты карталарда автомобиль жол-
дарына; аралас орман, жалпақ жапырақты ормандардың орманға 
біріктірілуі мысал болады.
Біртекті нысандардың топтарын бір нысанға біріктіріп, ше-
карасын өзгертуге байланысты, картографиялық жеке түсінік тер-
ді жинақтай отырып, мазмұны кең, жаңа түсініктерді қалып тас-
тырады [3.3-сурет].
Географиялық картада кескінделген құбылыстар мен нысан-
дардың сапалық сипатын жинақтау үшін оларды айқындайтын 
9–1171


130
қасиеттердің санын азайтады. Мысалы, əрбір оқшауланған орман 
алқаптарының ерекшеліктерін айқындайтын бірқатар қасиеттер 
болады. Олар: 
– орман алқабы белгілі бір аумақты қамтып жатады, өзіне 
тəн пішіні, геоботаникалық тұрғыдан ағаштардың белгілі бір түрі 
басым болады;
– орман ағаштары жасымен, санымен, орташа биіктігімен,
орташа диаметрімен сипатталады. 
Орман ағаштарын кəсіпорындар əртүрлі мақсатта қолданады. 
Ұсақ масштабты карталарда аталған қасиеттерінің біразы ғана 
іріктеліп алынады. Өйткені масштаб кішірейген сайын нысандар 
мен құбылыстардың көрсеткіштері де азаяды. 
3.3 сурет.
Масштабы əр түрлі картада жер бетері элементтерінің 
жинақталуы
Ғылыми тұрғыдан дұрыс жинақталған жағдайда картаның 
мазмұнының сапасы артады. Картографиялық кескіндеудің дұрыс 
жинақталуын, картаға дұрыс баға берілуін ескеру, іс жүзінде 
пайдалану барысында қамтылған аумақ жөнінде дұрыс
түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет