126
жыныстарының геологиялық жастарын,
климаттың типтерін,
топырақ пен өсімдіктердің сипаттарын көрсетіледі.
Сандық жазулармен абсолютты жəне салыстырмалы көрсет-
кіштерді белгілейді. Тек меншікті географиялық атаулар,
нысан-
дар мен құбылыстардың түрлері көрсетілетін карталармен қа тар
тек жазулары жоқ, барлық мазмұны
тек географялық шартты
бел гілермен ғана кескінделетін тақырыптық карталар да болады.
Карталардағы жазуларды əріптерді теру мақамдарының сипат-
тарына, өлшемдеріне, түсіне, бас əріптермен
жазылуына қарай да
ажыратылады. Карталар мазмұнының əртүрлі элементтеріне жа-
татын нысандар əртүрлі шрифтпен жазылады. Картографиялық
жазулардың əріптер
мен сандардың бейнесіне, олардың салыстыр-
малы қалыңдығына, көлбеулігіне қарай өздеріне тəн
ерекшелік те-
рі болады [3.2-сурет].
Атаулар жазылған шрифттердің белгілі бір пішіні нысанның
маңызды сапалық ерекшеліктерін айқындайтын шартты бел
гі
қызы метін атқарады. Мысалы, жазылу
мақамы арқылы елдімекен-
дердің түрлерін анықтауға болады.
Жазулардың түсі де нысандардың карта мазмұнының құрам-
дас бөліктерінің қандай да бір түріне жататынын көрсетуге мүм-
кін дік береді. Атап айтсақ, жалпы
географиялық карталарда су
нысан дары көк, жер бедері қоңыр түсті жазулармен жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: