Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картаны пайдаланып жүргізілетін кестетік құрулар



Pdf көрінісі
бет160/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картаны пайдаланып жүргізілетін кестетік құрулар. 
Картографиялық талдаудың басқа тəсілдеріне диаграммалар
көлденең қима-сызбалар, кестетік сызбалар, үш өлшемді блок 
диаграммалар сияқты əртүрлі кестетік құрулар жатады. 


183
Көлденең қима-сызбалар мен кестетік сызбаларды 
 
табиғаттағы
 
əртүрлі құбылыстарды оқып-үйрену мақсатында 
қолдануға болады. Көлденең қима-сызбалар
 
ұсақ масштабты 
картадағы гипсометриялық əдіспен кескінделген изогипстердің, 
қабатты бояулардың, биіктік жəне тереңдік шкаланың көмегімен 
құрылады. Мысалы, Бұқтырма, Қаратал, Нұра сияқты ірі өзендер 
аңғарларының бастауынан сағасына дейінгі ұзын көлденең қима-
сызбасы. Оларды бір-бірімен салыстыру өзен аңғарларының да-
муын салыстыруға мүмкіндік береді. Изосызықтардың көмегімен 
картада кескінделген кез-келген құбылыстарды зерттеуге 
болады. 
Көлденең қима-сызбалар түсінікті болу үшін тік жəне көлденең 
масштабты дұрыс таңдау қажет. Тік масштабты негізсіз таңдау 
жер бедерінің түрлерін бұрмалауына əкеп соқтыруы мүмкін. 
Мысалы, көлденең масштабқа қарағанда тік масштабты көп есе 
ұлғайту жазық жер бедерін терең шатқалдары мен биік шыңдары 
бар тауға айналдырып жіберуі ықтимал. Сондықтан ұсақ мас-
штабты карталардың көмегімен көлденең қима-сызба құру бары-
сында тік масштабты тек 20-50 есе ұлғайту қажет. Көлденең жəне 
тік масштабтың ара қатынасы жергілікті жердегі жер бедерінің 
өзара биіктігіне тəуелді болатындықтан биіктік айырмасы жоғары 
болған сайын масштабтардың айырмашылығы да үлкен болады. 
Жер бедері мен басқа табиғат құбылыстарының өзара байла-
нысын анықтау үшін көлденең қима-сызбадағы құбылыстардың 
кескінін немесе абсолют мəндері мен олардың салыстырмалы 
көрсеткіштерін белгілеп отыру қажет. Бір меридианның бойын 
бойлай тұрғызылған бірнеше құбылыс үйлестірілген көлденең 
қима-сызбадан ендіктер мен абсолют биіктіктің өзгеруіне байла-
нысты климаттың, өсімдіктер мен топырақтың өзгеруін анықтауға 
болады. 
Табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өза ра 
байланысын анықтау үшін үйлестірілген көлденең қима-сыз ба-
л ар ды масштабы бірдей карталарды бір-бірімен беттестіре оты-
рып, құрған тиімді. 
Құрлық пен мұхит табаны бедерінің ерекшіліктерін ашып 
көрсету үшін гипсометриялық карталардың изогипстері мен 
изобаттарын тік масштабқа, қабатты бояулардың түсінің ара-


184
қашықтығын көлденең масштабқа сəйкес келтіріп, милиметрлі 
немесе ақ қағаздың бетіне түсіреді. Ол үшін кағаздың екі 
шетінен тік сызық жүргізіп көрсеткіші тік масштабқа сай биіктік 
шкаласының сандарын жазады. 
Көлденең қима-сызбаларды
 
картаның масштабына сай 
келетіндей есеппен құрады. Тік масштаб көлденең масштаб-
тан 10-20 немесе 100 есе ірі болуы тиіс. Көлденең қима сызба 
тұрғызу үшін бір меридианның немесе параллелдің бойындағы 
екі нүктенің аралығындағы жер бедерінің ерекшелігі əрбір 
қабатты бояудың түсін өлшеп биіктік шкаласымен салыстыра от-
ырып құрылады. Жалпы географиялық карталарды пайдаланып 
көлденең қима- сызбаны тұрғызу геокешеннің бір ғана құрамдас 
бөлігін біршама көрнекі, əрі жан-жақты ашып көрсетуге мүмкін-
дік береді. 
Оқу жұмыстары мен ғылыми зерттеулер біреше құбылыстар-
дың, мысалы, белгілі бір аумақтың жер бедері мен
 
геологиялық 
құрылысының, топырақ жамылғысының, өсімдіктер мен кли-
мат арасындағы өзара байланысын ашып көрсетуді қажет етеді.
Жалпы географиялық жəне əртүрлі тақырыптық карталар се-
рияларын пайдалана отырып кешенді көлденең қима-сызбалар 
тұрғызуға да болады. Кешенді көлденең қима-сызбалр аумақты 
табиғи аудандастыруға негіз болатын ландшафттық жіктелуін, 
табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыстарды 
айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет