Аймақтың шақырымдық торы . Тік бұрышты координат
бойынша қажетті нүктелерді түсіру үшін топографиялық картаға
Х жəне Ү біліктеріне сəйкес келетін координаттық (шақырымдық)
торлар жүргізеді [11.1-сурет]. Топографиялық карталардағы
жоғары дəлдікпен 1, 2, 10 шақырым кейін жүргізілетін көлденең
жəне тік шақырымдық сызықтар нүктенің тік бұрышты коорди-
натын, нысанасын көрсету жəне жекелеген өлшеу жұмыстары
үшін қажет. Масштабтың қатарына сəйкес шақырымдық тордың
жиілігін анықтау 7.4 кестеде берілген.
7.4 кесте.