285 Батыс жəне шығыс жарты шарлардағы барлық нүктелердің
ендігі φ, бойлығы λ əріпімен белгіленеді.
7.17 сурет. Географиялық координаттар
Ірі масштабты топографиялық картаның ішкі бұрышта
ма-
ларының төрт бұрышында географиялық координаттары жазы-
лады. Мысалы, 1:25 000 масштабты топографиялық картасының
батыс бұрыштамасының бойлығы– 18°00’00’’шығысынікі
–18°07’30’’оңтүстік бұрыштамасының ендігі– 54°40’00’’, солтүс-
тігінікі –54°45’00’’ ірі масштабты карталардан гео графиялық ко-
ординатты табу оңай болу үшін бір минуттан бөлін ген қосымша
минуттық бұрыштама жүргізіледі. Ірі масштабты картадан А
нүктесінің географиялық (геодезиялық) ендігін табу үшін сол
нүктеден минуттық бұрыштамаларды қиып өтетін көл
де
нең
сызықтар жүргізіліп оңтүстік жəне батыс (шығыс) бұрыштаманың
қилысынан бастап бүйір бұрыштамаларды бойлай минуттары мен
секундтарын санап шыққан санды 54°40’00’’ қосып жазады. Ірі
масштабты картадан А нүктесінің географиялық (геодезиялық)
бойлығын табу үшін сол нүктеден минуттық бұрыштамаларын
қиып өтетін тік сызықтар жүргізіліп, оңтүстік (солтүстік) жəне
батыс бұрыштаманың қилысынан бастап, оңтүстік (солтүстік)
бұрыштаманы бойлай минуттары мен секундтарын санап шыққан
санды 18°00’00’’қосып жазады [7.18-сурет].