286 7.18 сурет. Ірі масштабты картадан географиялық координатты анықтау
Топографиялық картадан географиялық координатты анықтау. Топографиялық картаның бетінің ішкі бұрыштамасы
меридиан мен параллельдермен шектелген. Солтүстік жəне
оңтүстік бұрыштама географиялық ендіктер, батыс жəне
шығыс бұрыштамалар географиялық бойлық болып табылады.
Бұрыштамалардың ендіктерімен бойлықтарының айырмасы мен
топографиялық картаның бетіндегі бұрыштамалардың өлшемі
стандартты беттеуге сəйкес келетіндіктен əрбір масштаб үшін
тұрақты.
1:1 000 000 жəне 1:500 000 масштабты карталардан
басқа барлық топографиялық карталарда ішкі жəне сыртқы
бұрыштамалардың аралығында нүктелердің географиялық ко-
ординатын анықтап оларды картаға түсіру қызметін атқаратын
белгілі бір қашықтықта теңдей бөліктерге бөлінген минуттар
мен секундтардан тұратын минудтық бұрыштамалары болады
[11.17 жəне 7.18-суреттер].
Бойлықтар мен ендіктер бойынша минуттық бұрыш-
тамалардағы минуттар мен секундтардың саны бірдей болмай-
ды. Ендік бойынша минуттың өлшемі 1852 метрге тең жəне
ол əрқашан бойлықтың минутына қарағанда үлкен болады
[7.5 - кесте].