Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет265/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

8.12 сурет
.
Ірі масштабты карталарды бір-бірімен жалғау: 
а
) шолу карта-
лары;
б
) карталарды калонналары бойынша бір-бірімен жалғау; 
в )
карталарды жапсырудың реті
Картаны көтеру
жергілікті жердегі жекелеген заттар мен 
жер бедерінің тетіктерін жан-жақты оқып-үйрену мақсатында 
жүргізіледі. Картаны дұрыс көтеру қозғалатын бағытты мұқият
оқыпүйренуге мүмкіндік береді. Картаны көтеру кезінде аса 
қажетті заттарды бояу қарындашпен сызу арқылы бөліп көрсетеді. 
Олардың аты мен сандық деректерінің астын сызып қояды. Кейде 
картада жекелеген нысандармен заттар (көпірлер, мұнаралар, же-
келеген үйлер) мөлшері шағын шартты белгілермен көрсетіледі 
Картаны көтеру барысында жер бедерінің биіктік белгілерінің 
шыңдары, жылға, жота сияқты жер бедерінің жекелеген тетіктері 
боялып (штрихталып), жуандатылған горизонтальдармен 
белгіленеді.
Жергілікті жердегі заттардың тобы төменде көрсетілген 
түстермен көрсетілінеді:


313
– ормандар мен қалың бұталар, бау-бақша сияқты өсімдік 
жамылғысының басқа түрлері-жасыл;
– өзен, бұлақ батпақ, көл-көк;
– жолдар – қоңыр;
– елдімекендер қара;
– жер бедері – ашық қоңыр түс.
Карталарды көтеру жергілікті жерді оқып-үйренумен қатар 
жүреді.
Карталарды қаттау. Жергілікті жерде картамен жұмыс істеу 
жеңіл болу үшін оларды қаттайды. Қаттау карталарды көтергенге 
дейін де, кейін де жүргізіле береді. Үйдің ішінде жұмыс істеу 
үшін карталарды қабаттап жинайды. Алдымен ұзыннан созылған 
бағытын, содан соң түзілген жолақтарын жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет