Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйрену. Топографиялық карта-жергілікті жер туралы мағлұмат беретін
негізгі дерек көзі болып табылады. Оның көмегімен жергілікті
жердің бүркеншіктік қасиеттері мен ондағы заттардың сандық
жəне сапалық сипаттарын жедел анықтауға мүмкіндік туады.
Картаны оқыпүйрену барысында картаны құрғаннан кейін сол
жерде болған өзгерістерді де ескеру қажет.
Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйренуді картаның
өзімен танысып, оны жұмысқа даярлаудан бастайды.
Картаны бағалау . Картаны бағалау бұрыштаманың
сыртындағы деректерге негізделіп масштабын, горизонталь
аралық қима биіктігін, шығарылған жылын анықтаудан баста-
лады. Масштаб пен горизонталь аралық қима биіктігі жергілікті
жердегі заттар мен жер бедерінің тетіктерінің кескінделу
дəлдігінің дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Масштабтың
мəніне сүйене отырып, жергілікті жердегі заттардың мөлшері мен
олардың бір-бірінен қашықтығын жылдам анықтауға болады.
Картаның құрылған жылы туралы мəліметі қамтылған
аумақтағы нысандардың қазіргі кезеңдегі шындыққа сəйкестігін
анықтауға мүмкіндік береді. Бағытқа түзетуді жатқа білсең,
дирекциондық бұрыштан магниттік азимутқа немесе картадан
шақырымдық тор бойын бағдарлауға болады.