Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Дəлдіктегі төмен приборлармен жүргізілетін бұрыш



Pdf көрінісі
бет320/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

10.2 Дəлдіктегі төмен приборлармен жүргізілетін бұрыш 
өлшеу түсіру жұмыстары
Топографиялық түсіру туралы түсінік. 
1:500, 1:1000, 
1:2000, 1:5000 масштабты топографиялық пландар (сұлбалар) мен 
1:10 000, 1:25 000 масштабты топографиялық карталарды құру 
мақсатында жергілікті жерде жүргізілетін кешенді геодезиялық 
жұмыстарды 
топографиялық түсіру
дейміз.


369
Топографиялық түсіру жұмыстары кезінде жергілікті 
жердің барлық құрамдас бөліктері, салынған құрылыстар, жер 
асты жəне жер үсті коммуникациялары толық кескінделінеді. 
Сұлбалардағы (пландағы) шеткі тірек нүктелерінің кескіндері 
шартты түрде 
қатты
жəне 
қатты емес 
деп екіге бөлінеді. Қат-
тыға кескіні анық көрінетін, ұзақ пайдалануға жарамды матери-
алдардан салынған құрылыстар, ал қатты емес кескінінің ше ка-
расы анық байқалмайтын орман алқаптары мен шалғындар сияқ -
ты жергілікті жер ландшафтының құрамдас бөліктері жатады. 
Топографиялық сұлбаларға (пландарға) жоспарлы жəне 
биіктіктік геодезиялық тордың арнайы белгімен бекітілген 
барлық қосындары, сонымен қатар, түсіру жұмысы жүргізілген 
барлық нүктелер түсіріледі. Арнайы сұлбаларда (пландар-
да) барлық жағдайларды емес, жер бедерінің күрт ауытқитын 
қима биіктігі, кескін 
дердің төмен түскен немесе көтерілген 
нүктелерінің кескі 
н 
дері сияқты тек қажетті нысандарды ғана 
түсіруге рұқсат беріледі. 
Топографиялық түсіру жұмыстарын қабылданған коорди-
наттар жүйесі бойынша орналасқан орны белгілі нүктелерден 
бастайды. Олардың қатарына мемлекеттік геодезиялық тордың 
тірек нүктелері жатады. Бірақ кескіндейтін аумақтың ауданына 
шаққандағы олардың саны аз болғандықтан 
түсіру негіздер
і деп 
аталатын жиілендірілген 
геодезиялық негіз
қолданылады. 
Түсіру негіздері 
жоспарлы
жəне 
биіктіктік 
тірек торларына 
тармақталады. Бір шаршы шақырымға дейінгі түсіру алаңының 
телімінде түсіру негізі ретінде дербес геодезиялық тор құруға 
болады.
Түсіру негізін құру барысында нүктелердің теңіз деңгейінен 
алынған биіктігі мен сұлбадағы (пландағы) орны қатар анықта-
лады. Түсіру негізіндегі тірек нүктелерінің орны теодолит 
тік 
жəне тахометрлік жүріп өту барысында əртүрлі үш бұрыштар 
мен белгі қою арқылы анықталады. Түсіру негізінің абсо-
лют (салыстырмалы) биіктігін көбінесе геометриялық немесе 
тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықтайды. 
Топографиялық сұлбалар (пландар) құру үшін талдау, 
мензульдық, тахометрлік, аэрофототопографиялық фототео-
24–1171


370
долит тік жəне жергілікті жерде жүргізілетін нивелирлік түсіру, 
жер 
дің жасанды серігінің көмегімен лазерлік сканер арқылы 
түсіру əдістері қолданылады. Жоғарыда аталған əдістерді қолдану 
топографиялық түсіру жұмыстарының жағдайы мен масштабына 
тікелей байланысты болады. 
Топографиялық түсіру жұмыстарында қолданылатын 
геодезиялық приборлар құрылысының ерекшеліктеріне, атқаратын 
қызметіне, өлшеу дəлдігіне, орындайтын жұмыстарының 
түрлеріне қарай ажыратылады. 
Түсіру барысында өлшеу жұмыстарын сауатты жүргізуге 
мүмкіндік беретін басты талаптардың бірі олардың құрылысын 
біліп, жұмыс істеу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Геодезиялық приборларды біріктіретін ортақ белгілеріне 
барлығында көру түтігінің, өлшеу қондырғыларының, штативтің, 
көлденең түзу жағдайға келтіретін деңгейдің, бекіткіш столдың, 
бекітетін, бағыттайтын жəне микрометрлік бұрағыштың (винттің) 
болуы жатады. Əрбір геодезиялық приборлардың тек өзіне ғана 
тəн белгілер де болады. 
Геодезиялық приборладың атқаратын қызметіне сай 
топографиялық түсіру жұмыстары теодолиттік, нивелирлік, 
тахометрлік, мензульдық, буссольдық, ғарыштық жəне аэрофо-
тотүсіру болып бөлінеді. Түсіру барысында қолданылатын негізгі 
геодезиялық приборлар мен құрал-жабдықтарға теодолит, ниве-
лир, кипригель, буссоль (тұсбағдар), аэрофотокамера жатады. 
Жүргізілетін орнына байланысты түсіру жұмыстары жер 
бетінде, жəне əуеде (ғарыштық жəне аэрофототүсіру), құрлықта 
жəне суда түсіру деп бірнеше топқа бөлінеді. 
Қашықтықтан түсіруде түсіру жүйелері жер бетінен жүздеген 
метрден мың шақырымға дейінгі қашықтықтан қабылданады. 
Ақпаратты қабылдағыштар қызметін фотографиялық жəне те-
лекамералар тағыда басөқа приборлар атқарады. Ұшақтан, тік 
ұшақтан жүргізілетін түсіру жұмыстары 
аэротүсіру
деп аталады 
[10.4-сурет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет