Даладапланшетті жұмысқа дайындау . Бетінде орналасты-
рылған тығыз қағаздың оң жақ шетіне солтүстік пен оңтүстік
бағыт көрсетілген бағдар сызық сызып, үстіне 0º солтүстікке,
180º оңтүстікке сəйкес келетіндей етіп тұсбағдарды қойып, көк
(қы зыл) тілі 0º көрсеткенге дейін планшетті бұру арқылы бағдар-
лай ды. Қағаздың оңтүстік шетіне адымның сандық, атау жəне
сызық тық масштабтарын белгілейді.
Адымның масштабын есептеу . Адымның ұзындығын
анықтау үшін жер бетінен 10 метрді өлшеп алып, күнделікті
жүретін адымен біркелкі адыммен үш рет өлшеп олардың
қосындысын үшке бөлу арқылы орташа арифмитикалық жұп
адымды есептеп шығарады. Содан кейін бір жұп адымның орта-
ша ұзындығын анықтайды.
Адым есебімен алынған масштабты құру үшін сұлбаның
(планның) мысалы, 1:1000 сəйкес келетін кəдімгі сызықтық мас-
штабын тұрғызу қажет. Соның негізінде 10 жұп адым 15 метрге
сəйкес келетіндей адымның масштабы тұрғызылады.