424
орай көлбеу түсірудің нəтижесінде түсірілімнің масштабы
да əртүрлі болады да бұрмалану пайда болады. Жер бедерінің
ойлы қырлы болуынан аэрофотокескіндегі нүктелердің ығысуы
жоспарлы түсірудің өзінде де байқалады. Жоғарыда суретте
көрсетілген объективтің түсіру білігі тік болып келетіндіктен
аталған аумақтың көлденең жазықтықтағы орташа биіктігіне
қатысты алғанда аэрофотокескін жоспарлы болып табылады.
Егер А жəне В бір көлденең жазықтықта жатса онда олардың
фотопленкадағы кескіні а
1
жəне в
1
болар еді. Жер бедері тегіс
болмағандықтан жергілікті жердегі А жəне В нүктесі кескінде
а жəне в нүктесіне түседі. Осыған орай жер бетіндегі нүктелер
аэрофотокескінде
аа
1
жəне вв
1
бөлігіне ығысады. Жер бедеріне
байланысты бұрмалануды азайту үшін түсірілімнің бас нүктесінің
маңындағы жұмыс алаңы қолданылады. Таулы жерлерді түсіру
барысында ортотопографиялық план құру ісі қолға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: