Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Нысандардың өзара орналасуы



Pdf көрінісі
бет369/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Нысандардың өзара орналасуы
. Жергілікті жердегі 
топографиялық элементтердің өзара орналасуы бір-бірімен тығыз 
байланысты болады. 
Топографиялық дешифрлеу кезінде нысандарды тану үшін 
барлық белгілерді үйлестіре отырып анықтау қажет. Топо-


426
графиялық нысандарды дешифрлеу ойлы қырлы болып келетін 
жер бедері көлеңкесі арқылы тез анықталады.
Күңгірттен ашыққа өтетін түс жергілікті жердегі су арықтарына 
сəйкес келсе, керісінше ашықтан күңгіртке өтетін көлеңкелер су 
ағар ойыс жерлер болып табылады. Егер аталған түстер бір-біріне 
бірден өтсе, су айрықтар тік беткейлі ал біртіндеп өтсе, онда су 
айрық əрі жатық төбесі текшелі дөңес пішінді болып, төбе аралық 
суағар иіні кең болады. Таулы жердің аэрофотокескіндерін 
қарағанда жоталармен тауаралық аңғарларды ғана емес, жылғалар 
мен сайларды, жекелеген шыңдарды анық байқауға болады. 
Аэрофототүсірілімдерден қатты тілімделген сайлы жыралы жер 
бедері де жеңіл оқылады. 
Елдімекендер
. Аэрофототүсірілімдерден көшелер мен 
алаңдар сияқты құрылымды бейнелер жақсы оқылады. 
Елдімекеннің жобалау сипаты, үй құрылысы, стадиондар мен ірі 
өнеркəсіп кəсіпорындарын да жеңіл танылады.
Үйлердің мөлшері шағын болғандықтан, аэрофототүсіруден 
ауылдық елді мекендерді де жылдам ажыратуға болады.
Өнеркəсіп кəсіпорындары, ірі өнеркəсіп кəсіпорындары биік 
мұнаралы мұржалары мен құрылысының ерекшеліктеріне, оларға 
келетін жолға қарап ажыратылады.
Темір жолдар
. Темір жолдар түзу кең бұрылысты болуымен 
ерекшеленеді. Оның бойындағы кең жолақтар вокзалдар мен 
платформаны көрсетеді. Автомобиль жолдары мен қиылысы түзу 
бұрышты болып келуімен ерекшеленеді. Темір жолдың қатары 
енімен анықталады. 
Автострадалар мен даңғыл жолдардың түзу, əрі жедел 
бұрылысты болып келуін айқын байқалатын кескіндерімен 
ерекшеленеді. Жол бойындағы ағаштар мен арықтар біршама 
күңгірт түсті болып келеді. 
Асфальт төселген автомобиль жолын жетілдірілген автомобиль 
жолынан ені арқылы ажыратылады. Асфальт төселген жолдың 
ені 6-8 м аспайды. Ал жетілдірілген автомобиль жолдарындағы 
жол айырықтар бірнеше машина жүретіндей енді болып келеді.
Соқпақ жолдар ирек, жіңішке болып келуімен ерекшеленеді. 
Олардың ені 4-5 метрден аспайды.
Өзендер, бұлақтар мен көлдер бір өңді болып келетін түсімен 
жағалау сызықтары арқылы жеңіл ажыратылады. Батпақты 


427
жерлерде көлдердің шекарасы айқын білінбейді. Жасанды 
су қоймалары жіңішке түзу жолақ түрінде кескінделетін тас 
бөгеттері арқылы ажыратылады. Каналдар мен арықтар бірдей 
болып келетін енімен ажыратылады. Көпірлер жол қиып өтетін 
сызық түрінде кескінделеді.
Ормандар шекарасының кескіні ағаштардан түсетін 
көлеңкелер арқылы анықталады. Батпақтар аэрофотокескінінде 
ылғалдану дəрежесіне қарай сұр немесе күңгірт сұр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет