65
бұрмалануы болмайды. Географиялық карталардың бір бөлігінен
екінші бөлігіне өткендегі бұрмалану көрсеткіштерін изоколдардың
көмегімен анықтайды. Геогра
фиялық карталардағы бұрмалану
көрсеткіштері бірдей нүктелерді қоса
тын үзік сызықтарды
изо-
колдар
дейміз. Карто гра фия лық бұрмаланудың мөлшері картада
қамтылатын аумақ тың ауданына байланысты.
Картада қамтылатын аумақ артқан сайын бұрмалану да ар-
тады. Əр түрлі картографиялық проекцияны қолдану арқылы
бұрмаланудың белгілі бір түрін кеміту есебінен басқаларының
таралу бағыты мен саны азайтылған карталар құруға болады.
Бұрмалануды анықтау үшін тораптық нүктелері алдын-ала
есептеп алынған кесте
номограммалар
қолданылады. Бұрмалану
көрсеткіштері дүниежүзінің карталарында жоғары бола-
ды. Картографиялық бұрмалану болмайтын
нүктелерді нөлдік
бұрмалану
дейміз.
Кез-келген проекцияда бұрмаланудың жекелеген түрлері не-
месе барлығы болмайтын нүктелер мен сызықтар (сызықтар
жүйесі) болады. Оларды
нөлдік бұрмалану нүктесі немесе сызығы
деп атайды. Бұрмалану нөлдік бұрмаланунүктесінен (сызығынан)
алыстаған сайын артады.
Достарыңызбен бөлісу: