Сандық карталар – бұл сандық формадағы
х пен
у ко-
ординаттар мен
z апликаты колталған нысандардың сандық
үлгілері. Сандық деректерді (сандық үлгілерді) топографиялық
жəне тақырыптық карталардың түпнұсқаларының мазмұнын
санға айналдыру немесе стереофотометрялық үлгілер бойынша
тікелей өлшеу үрдісінің барысында алынады. Сандық карталар
тасмалдаушы машиналарда ғана сақталатын, мəні жағынан бұл
картаға түсірілетін нысандардың картографиялық жинақтау мен
дəлдікке қойылатын талаптарды ескере отырып, кəдімгі карта-
ларда қабылданған координаттар мен шартты белгілер жүйесінің
логикалық-математикалық сипаттамасы болып табылады. Кəдімгі
карталардан масштабы, тақырыбы, кеңістікті қамтуы жағынан
айырмашылықтары болады. Сандық карталар автоматты түрде
карталарды құруға жəне оларды түрлендіруге негіз болатын де-
ректер базасын қалыптастыру қызметін атқарады.