Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет9/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Көлденең қима-сызбалар 
– бұл жалпы географиялық жəне 
мазмұны бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, соны-
мен қатар, олардың масштабына, шартты белгілеріне негізделіп 
белгілі бір бағытты бойлай құрылатын жер қыртысының көлденең 
қима-сызбасы. 
Блок-диаграммалар –
бұл қандайда бір жазықтықтың 
ұзына бойымен жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп 
құрылған жер бетінің үш өлшемді перспективті кескіні. Олардың 
тақырыбы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Геологиялық 
жəне геоморфологиялық блок диаграммалар жер қыртысы əр 
түрлі болып келетін жер бетінің тұрақтылығын; топырақтың 
блок диаграммалары жергілікті жердің бедері мен топырақ 
қимасының арақатынасын; мұхиттық блок диаграммалар су 
массаларының, фронттардың, тұздылықтың тағы басқа үрдістер 
мен құбылыстардың таралуын көрсетеді. Блок диаграммалар 
көбінесе аффинді жəне перспективті проекцияларда құрылады. 


9
Көрнекілігін арттыру үшін көлденең масштабына қарағанда, тік 
масштабы біршама ірі болады. Біліктерінің бірінің бойындағы 
кескіндерді «созу» арқылы көлбеулігі мен ракурстарын өзгертеді. 
Электронды блок-диаграммаларды дисплейдің экранында əр 
түрлі тұстарынан бұруға немесе айналдыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет