Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картаның мазмұнын элементтерін қабаттары бойынша



Pdf көрінісі
бет185/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картаның мазмұнын элементтерін қабаттары бойынша 
векторлау – 
дигитайзердің көмегімен ЭЕМ-да кодтаумен қатар 
бейнелерді енгізу арқылы картаны құруды жүзеге асыру. Бастапқы 
картографиялық материалдардың растрлы бейнелерін сканерлеу 
арқылы енгізгенде сұлба ретінде төменгі қабаты орналастыры-
лып, бағдарламаның тетіктік құралдарының көмегімен қабаттары 
бойынша векторланады. Мазмұнының элементтерін векторлау ба-
рысында басшылыққа алатын негізгі құжат саралау нұсқаулары 
жəне саралау макеті (мазмұнының элементтерін іріктеу жəне 
тақырыптық мазмұнының макеттері) болып табылады. 
Карта мазмұнының əрбір элементтерін орналастыру үшін 
сандық жəне сапалық сипаттамаларына, маңызына сəйкес ны-
сандар бірнеше қабаттарға іріктеліп алынуы мүмкін. Əртүрлі 
масштабты немесе тақырыптық карталарды құру барысында 
мазмұнының элементтерін автоматты түрде жинақтау үшін негіз 
құрылады.
Құжатты (картаны) ұйымдастыру, құру, жою, қосу, өшіру, 
қабаттарды басуға жіберу жəне жауып тастау қызметін атқаратын 
басқару элементтері бар диспетчердің көмегімен нысандарды 
əртүрлі қабаттар бойынша тарату жүзеге асырылады. 
Мағыналық маңызы, рəсімделуінің жағынан карта мазмұны-
ның өлшемдері бір текті элементтері бір қабатта орналасады. 
Əр қабатқа ат беріледі. Мазмұнының элементтерінің орналасу 
деңгейін, тік бағытта орналасуы мен жазылу тəртібін анықтай-
тындықтан диспетчердің тізімінде қабаттардың орналасу ретін
мұқият ойластыру қажет. Қателіктер картаның басқа құрамдас 
бөліктерімен жабу нəтижесінде жекелеген элементтері ішінара 
немесе толық жойылып кетуі мүмкін. Қабаттардың тізімін қалып-
тастыру барысында мынадай көрсетілген бірізділікті сақтау 
қажет:


214
– масштабтан тыс шартты белгілерінің қабаты; жазулар 
қабаты; штрихты элементтердің қабаты түстік элементтердің 
қабаты.
Карта мазмұнының элементтерін құру үдерісі жоғарыда 
аталған ретпен жəне бір мезетте жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші 
жағдайда сұлбалық суретке қатысты алғанда қабатқа сəйкес 
нысандар (кескіндік жəне штрихтық элементтердің біліктік 
сызықтары) бір-бірінен өзара жақсы ажыратылатын шарт-
ты түстермен кескінделеді. Бұл көру арқылы векторлаудың 
(салудың) дəлдігін ойша бақылауға, сонымен қатар, қалып қалған 
немесе кетуі ықтимал қателерді табуға мүмкіндік береді. Содан 
кейін мақам түрінде бекітілген рəсімдеу өлшемдері, анықталып, 
барлық нысандарға нақтылы қабат беріледі. Мазмұнының барлық 
немесе жеке элементтерін рəсімдеу басқа бағдарламалық өнімде 
вектоланғаннан кейін жүргізіледі. 
Қорыта айтқанда, нысандарды жасау үрдісінде кар-
та мазмұнының элементтерін құру жəне рəсімдеу автоматты 
түрде жүзеге асырылады. Картаның географиялық негіздерінің 
элементтерін рəсімдеу аяқталған соң принтерлік сынамасын ба-
стырады, кемшіліктерін жойып, ескертулерге сəйкес түзетулер 
енгізіледі. Принтерлік сынаманың түпнұсқасы немесе оның 
көшірмесі картаның тақырыптық мазмұнының макетіне негіз 
болады. Тақырыптық мазмұнының элементтері құрылады жəне 
жасалған шартты белгілері оларға бөлінген қабатта орналасты-
рылып рəсімделеді. Мəтіндік жəне иллюстрациялық қосымшалар 
болған жағдайда картаның бетін беттеу жəне түпнұсқа - макетті 
дайындау жүзеге асырылады.
Дайын файлды фототеру қондырғысына енгізер алдындағы 
соңғы кезең 
RGB жүйесінен (Ren-Green-жасыл, Blue-көк,) төрт құрамдас 
бояу CMYK (Cyan- көгілдір, Magenta-қоңыр, Yellty-сары, 
BlaR 
не-
месе
 Key-Cor- 
қара) бөліп алып бейнені орналастыруды көздейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет