301
қолдана отырып анықтайды. Егер картада өткен жылдардың
магниттік ауытқуы көрсетілсе, бір жыл ішіндегі ауытқуды
ескеріп оған түзету енгізіледі. Мысалы, картада берілетін
жазбаша түсініктемесінде 1960
жылдың магниттік ауытқуы
4°30' деп беріген. Меридиандардың орташа жақындауы 0°54'
батыстық. Магниттік ауытқу бұрының бір жыл ішіндегі
өзгеруі 0°02'. Сонда 1986 жылғы магниттік ауытқу бұрышына
енгізетін түзету былай болады: 0°02'х26 (жыл)=0°52'. Осыған
орай 1986 жылғы магниттік ауытқу бұрышы 4°30' шығыстық
- 0°52' батыстық=3°38' шығыстық болады.
Кез-келген нүктенің абсциссаға (шақырымдық
тордың
тік сызығына) қатысты алғандағы географиялық (нағыз)
меридианның орыны 0°54' (батыстық) бұрышпен, ал
магниттік меридианның орыны 3°38' (шығыстық) бұрышпен
анықталады. Бірақ транспортирмен өлшегенде, əсіресе, шағын
бұрыштардың ауытқуының дəлдігі
жоғары болмайтындықтан
бағдарлайтын бұрыштарды картаға түсіру нақтылығы са-
лыстьрмалы түрде төмен болады.
Картадағы кезкелген нүктедегі нағыз меридианның
дəл орны сол нүктеден өтетін меридианның географиялық
бойлығын есептеу арқылы анықталады. Ол үшін нүктені
қиып өтетін солтүстік жəне оңтүстік минуттық бұрыштаманы
қосатын түзу сызық жүргізіп,
географиялық бойлықтың гра-
дусын, минуты мен секундын санайды.
Картадан азимут пен дирекциондық бұрыштар орталығы
меридиан (абсцисса) сызығының бойындағы белгіленген
нүктемен үйлесетіріліп қойылған транспортирмен өлшенеді.
Егер сызық аз болса, оны карта бетінде жүргізуге тура
келеді. Бұрышты өлшеу дəлдігін арттыру үшін үлкен негізді
транспортирлерді қолдану қажет [8.5-сурет].
Егер сызық меридианның
оң немесе сол жағынан өтсе,
транспортирдің нөлдік көрсеткішін меридианның солтүстік
(оңтүстік) бағытымен, немесе, координаттар торының тік
сызығымен сəйкестендіреміз.