Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты



Pdf көрінісі
бет259/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

308
Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты
анықтау. 
Егер тұсбағдар болмай аспандағы жарық денелер 
(күн, жұлдыз) көрінбесе, көкжиек тұстарын жергілікті жердегі 
заттардың төмендегі белгілеріне қарап анықтайды:
– ағаштардың сабағының солтүстігінде мүктер мен қыналар 
жабысады; 
– егер мүк пен қыналар ағаш сабағында толық өссе онда көп 
əрі жиі өскен жағы солтүстік болып саналады;
– ағаштардың əсіресе аққайыңның қабығы сабағының солтүс-
тігінде, оңтүстігіне қарағанда күңгірт əрі бұжыр болады;
– көктемде орман алқаптарының солтүстік шеті мен же-
келеген ағаштар мен ірі тастардың оңтүстік шетінде шөптесін 
өсімдіктер көп, əрі жиі өседі;
– орыс шіркеулерінің кресінің төменгі, көлбеу қағылған 
ағашының (темір т.б.) көтеріңкі бөлігі əрқашан солтүстікті 
көрсетеді;
– ормандағы құмырсқаның илеуі əрқашан ағаштардың оңтүс-
тік шетінде орналасады, илеудің оңтүстік жағы солтүстігіне 
қарағанда көлбеу болады;
– ағаштардың бұтағы солтүстігіне қарағанда, оңтүстігінде 
көп, əрі жиі болады.
– таудың солтүстік беткейіне қарағанда оңтүстік беткейінде 
қар тез ериді;
– кесілген ағаштың жылдық сақинасының оңтүстік жағы си-
рек, солтүстік жағы жиі болады.
– орман алқаптарының шаршыларын санмен белгілеу баты-
стан шығысқа жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет