441 КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР СӨЗДІГІ Абсолют биіктік – Жер бетіндегі кез келген нүктенің теңіз деңгейінен
алынған биіктігі. Қазақстан мен ТМД елдерінде абсолют биіктікті Балтық
теңізінің деңгейінен (Кронштадтағы судың деңгейін өлшеу қосынынан)
есептеу қабылданған.
Азимутты проекциялар – глобустың градус торла-
рын жанасатын жазықтықта жобалау арқылы құрылатын картографиялық
торлар. Қалыпты азимутты картографиялық тор жазықтықты глобустың по-
люсында, ал көлденең азимуттыны экваторда, көлбеу азимуттыны глобус-
тың кез-келген бөлігінде жанастырып жобалау нəтижесінде құрылады.
Алидада – теодолитердегі бұрыш өлшейтін лимбасы бар тікелей
өлшем алатын прибордың айналып тұратын бөлігі.