Анаглифті карталар (
анаглифтер )-бұл параллактикалық ығысу
нəтижесінде екі бейнеде стереожұп түзетін, бірін-бірі өзара толықтыратын
екі түсті бояумен бастырылған карталар. Мұндай карталарды қызыл жəне
көк-жасыл стереоəйнекті арнайы стереосүзгілі көзілдірікпен қарағанда əр
көз тек «өзінің» бейнесін көре алатындықтан олар біртұтас көлемді ақ-
қара стереоскопиялық бейнеғана көрінеді.
Ареал тəсілі (area) – (латын тілінде аудан, кеңістік) картада кескін-
делетін құбылыстардың (пайдалы қазбалардың алаптары, өсімдіктер мен
жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы, ауылшаруашылық дақыл-
дарының өсірілетін аудандарының) кеңістіктік таралуымен қамтыл ған ау-
мағының шекарасын айқындайтын шартты белгі.
Атластар – біртұтас шығарма ретінде бірыңғай бағдарламамен
құрыл ған карталардың жүйеленген жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп,
бірін-бірі толықтырып отыратындықтан атластағы карталар бір-бірімен
беттестіріліп талдау жасау қызметін атқарады. Олар кеңістікті қамтуына,
атқаратын қызметіне, мазмұнына жəне тағы басқа белгілеріне қарай
жіктеледі.