Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет386/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Аэрофототүсірілімдерді
дешифрлеу – 
аэрофотосұлбалар мен 
фотосызбалардағы жергілікті жердегі нысандардың кескіндерін тану 
үрдісі. Топографиялық дешифрлеу барысында топографиялық сұлбалар 
(пландар) мен карталар да түсірілуге тиісті барлық нысандар (өзендер, 
жолдар, елдімекендер, ауылшаруашылығына жарамды жерлер орман 
алқаптары т.б.). танылып, олардың кескіндері анықталады.
Аэрофототүсірілімдердің
бүркемеленбеген белгілері – 
аэрофототү-
сі рі лімдердегі
 
нысандарды тануға мүмкіндік беретін белгілері. Олар тура 
немесе жанама болуы мүмкін.
Бас масштаб – 
картаның негізі ретінде алынған глобустың масшта-
бы. Ол картаның оң жақ бұрыштамасының астында сандық, атау жəне 
сызықтық масштаб түрінде жазылады. Бас масштаб бұрмалану болмайтын 
жекелеген сызықтар мен нүктелерді дəл өлшеуге мүмкіндік береді.
Бағдарлау –
жергілікті жерде көкжиектің тұстарына жəне жергілікті 
жердегі заттарға, жер бедерінің құрамдас бөліктеріне қатысты орнын 
анықтай отырып жүретін жолының бағытын таба білу. Жергілікті жер-
де бағдарлаудың құрамына өзің тұрған жердегі көкжиектің тұстары мен 
сол жердегі ерекшеленетін заттарға қатысты орнын анықтау таңдаған 
бағытпен жүрудің сақталуы, жергілікті жердегі бағдарлық заттардың 
жағдайы кіреді. Бағдарлау нақты жəне жалпы болып екіге бөлінеді.
 
Бағдар – 
жергілікті заттар мен жер бедерінің пішініне қарап, өзің 
тұрған орынмен қозғалатын бағытты анықтау. Олар пішінімен, түсімен 
ерекшеленіп өзін тұрған жерді көзбен шалып өткенде, жеңіл əрі тез табы-
лады. Бағдарлар аудандық, сызықтық, нүктелік болып үшке бөлінеді.
Безье қисығы –
жатық сызықтарды компьютерлік кестеде үлгілеуде 
кеңінен қолданатын тəсіл. Қисық сызық толығымен өзінің тірек 
нүктесінің дөңес кабықшасында жатады. Безье қисығының бұл қасиеті 
қисық сызықтар 
дың қилыстарын табуды жеңілдетеді. Егер өзінің 
тірек нүктесіндегі дөңес қабықша қилыспаса онда қисық сызықтарда 
қилыспайды. Осы қасиеттеріне орай оның тірек нүктелері арқылы қисық 
сызықтардың параметрлерін интуитивті басқаруға болады. Оны ХХ 
ғасырдың 60 жылдары Пьер Безье мен Пол де Кастельжо ойлап тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет