Блок-диаграммалар – қандайда бір жазықтықтың ұзына бойымен
жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп құрылған жер бетінің үш
өлшемді перспективті кескіні.
Буссольдық түсу – төменгі дəлдіктегі құралдар тұсбағдарды қолда-
нып бағдарлайтын бұрыштардың магниттік азимутын немесе румбысын
анықтап, арақашықтықтары əртүрлі əдіспен өлшеп жергілікті жердің
шағын бөлігінің сұлбасын (планын) құру.
Буссоль – белгілі бір нүктелердің бұрыштарын дəл өлшеуге мүмкіндік
беретін градустық көрсеткіштері бар лимба жəне минуттық көрсеткіштері
верньер мен қажетті нүктелердің бұрышын анықтауға арналған нысана-
лы диоптрмен қамтамасыз етілген төменгі дəлдіктегі геодезиялық құрал.
Егер Буссольдың лимбасының градус саны нөлден 360º
дейін болса, ол
азимуттық, егер нөлден 90º дейін болса, румбалық деп аталады.