Буссольдың нысаналау жазықтығы – буссольдың көздейтін диоптор-
мен затқа бағытталған диоптрдың жіңішке қылы арқылы өтетін жазықтық.
Бұрмалану эллипсі – картаның əртүрлі бөлігіндегі параллельдер
мен меридиандардың қиылысқан жерлерінде дөңгелек, төрт бұрыш, эл-
липс сыяқты геометриялық пішіндер тұрғызу арқылы ұзындықтың,
ауданның, көлденең бұрыштар мен пішіннің бұрмалануын анықтау үшін
қолданылатын қарапайым тəсілі.
Бұрмаланудың басты бағыты – ұзындық бұрмалануының ең
үлкен жəне ең кіші көрсеткіштерінің бірін-бірі перпендикуляр қиып
өтетін нүктесі. Картографиялық тордың сызықтарының арасындағы
бұрыштарының бұрмалану көрсеткіші ретінде 90º ауытқу шамасы алы-
нады. Бұрыштардың бұрмалану көрсеткіші гректің e (эпсилон) əрпімен
белгіленеді.
Бұрыштың бұрмалануының жалпы көрсеткіші w ретінде картаның
белгілі бір бөлігіндегі нүктенің бұрыштарының бұрмалануының ең үлкен
көрсеткіштері мен жер элипсоидының бетіндегі сол нүктенің бұрыш-
тарының көрсеткіштерінің айырмасы алынады.