Солтүстік бұрыштамасы . Сыртқы бұрыштаманың үстінің
орталық бөлігінде карта бетінің жер элипсоидындағы орнын
көрсететін номенклатурасы жазылған. Номенклатураның
оң жағында жақшаның ішінде бас əріппен картаның қосыны
Талдықорған жазылған. Ережеге сəйкес жетекші қосыны
ретінде карта мазмұнының басты нысаны болып табылатын есте
жеңіл сақталатын елдімекен, биіктік белгілері, көл, қоныс тағы
басқа нысандар таңдап алынады. Егер картада атау берілетін
құндылығы бірдей екі нысан болған жағдайда, олардың орта-
сында, жол торабында орналасқан жоғары класқа жататыны
алынады. Номенклатураның оң жағында шығыс бұрыштамада
картаның құпиялық дəрежесін көрсететін грифі орналасады. Ал
номенклатураның сол жағында «1942 координат жүйесі» сөзі жа-
зылады. Ол картаның бұл беті Ф. Н. Красовскийдің элипсоидын-
261 да құрылған 1942 жылғы координаттар жүйесі қолданылғанын
көрсетеді. Номенклатураның астында картаның баспадан
шығарылған жылы жазылады.