Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық картаның тікбұрышты координатта-



Pdf көрінісі
бет230/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Топографиялық картаның тікбұрышты координатта-
ры.
Тік бұрышты координаттар жүйесі жазықтықтағы кез кел-
ген нүктенің координатын 
абсцисса
жəне 
ордината 
біліктеріне 
қатысты анықтауға негізделген. 
Көлденең түзумен жанасатын жер элипсоидының бөлігі 55 
шақырымға тең болғанда экваторда жазықтықпен жанасатын 
доға ұзындығының ауытқуы 30
/
, ал ұзындық айырмасы 1,5 мет-
рден аспайтындықтан оны жазықтық ретінде қабылдауға бола-
тыны белгілі. Егер 6° зонаны элипсоид деп есептесек оның эк-
ваторда жанасатын доғасының ұзындығының ауытқуы 510м тең 
болады. Жазықтыққа көшіргендегі доға ұзындығы ауытқуының 
мұндай мəні топографиялық картада жүргізілетін өлшеулердің 
дəлдігіне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Яғни, кең 
көлемді аумақты картаға түсіргенде жердің қисықтығы картада 
біршама бұрмаланудың болуына əкеп соқтырады. 
Бірақ сол 6° доғаны көлденең цилиндрдің бүйір бетінде жо-
балап жазықтыққа жайса, экватор бойындағы 6° меридиандар 
доғасының шеткі нүктелерінің жер бетіндегі нақты ұзындығымен 
салыстырғанда, бұрмалануы 0,0014, ал аудандікі 0,0027-ге тең 
болады.
Қорыта айтқанда, картографиялық проекцияны пайдалану 6° 
аймақпен шектелетін топографиялық карталарда ұзындық пен 
ауданды өлшеуде кететін ауытқулардың масштабтық дəлдігінің 
шегінен біршама аз болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан топографиялық картаны жер элипсоидында құру 
үшін Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі про-
екциясында жобаланып 6° сфералық екі бұрышты аймақ (зона) 
тор алынады да, оны жазықтыққа көшіреді [7.13-сурет].
Проекцияның мəні əрбір екі бұрышты 6° зона жанасатын 
жеке көлденең цилиндрде жобаланады. Жанасу сызығы əр бір 
зонаның орталық (біліктік) меридианы арқылы өтеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет