Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


саласына бөлінетін қаржы (АҚШ долларымен есептегенде)



Pdf көрінісі
бет56/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

саласына бөлінетін қаржы (АҚШ долларымен есептегенде)
Елдің атауы
1980 жылы
1990 жылы
2000 жылы
2010 жылы
Америка 1068
2686
3572
4396
Австралия
663
1314
1892
2494
Канада 727
1720
2358
3164
Франция 698
1539
2173
3016
Германия 811
1591
2219
3243
Италия 571
1300
2036
2896
Жапония 517
1190
1972
2654
Финляндия
517
1292
2009
2818
Голландия 696
1283
2164
2942
Швеция 855
1263
2371
3012
Швейцария 839
1760
2384
3353
Ұлыбритания 458
977
1711
2376
Американың денсаулық сақтау саласына жұмсайтын қаржысы 1980 
жылы 1 жан басына балап есептегенде 1068 долларды құраса, 1990 
жылы оның деңгейі 2,5 есеге (2686 доллар), 2000 жылы 3,5 есеге (3572 
доллар), 2010 жылы 4,2 есеге (4396) жоғарылады. Франция, Германия, 
Ұлыбритания, Канада мемлекеттерінде де əрбір 10 жылда денсаулық 
сақтау жүйесін дамытуға жұмсалатын қаржы 2 есеге артып отырған. 
Дəл осындай жағдай барлық экономикасы дамыған мемлекеттерде 
байқалады. Осыған қарағанда, экономикасы дамыған мемлекеттерде 
əлеуметтік саланы қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлетіндігі 
көрініп тұр. 
Экономикасы нашар дамыған елдердегі денсаулық сақтау 
мекемелерінің материалдық-техникалық базасы дамыған елдердегі 
көрсеткіштен 10 еседен аса кем болып қалыптасқан. Егер дамушы ел-
дерде 10000 тұрғынға 10-нан 30 төсек-орынға дейін келсе, дамыған 
елдерде 60-120 төсек-орыннан келеді. Егер дамушы елдердің əрбір 
дəрігеріне 5000-нан 50000 дейін тұрғын келсе, дамыған елдердегі əрбір 
дəрігерге 500-1500 тұрғын келеді.


175
Кедейлік, жалпы жəне медициналық мəдениеттің төменділігі, 
денсаулық сақтау саласының нашар дамуы тұрғындар денсаулығының 
қалыптасуына да кері əсерін тигізеді. Оның ішінде, тұрғындардың 
аурушаңдығы, мүгедектігі, аналар мен балалар өлімі, жалпы өлім 
көрсеткіші аса жоғары деңгейде қалыптасқан. Даму үстіндегі мемле-
кеттерде патологиялардың эпидемиялық түрлері байқалады.
Дамыған елдерде ең жиі кездесетін денсаулық сақтау жүйесі 
мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі түрінде қалыптасқан. 
Ұлыбританияда 1948 жылы денсаулық сақтау саласында жүргізілген 
оңтайланудың арқасында жалпы ұлттық мемлекеттік денсаулық сақтау 
қызметі құрылды. Осы қызмет жалпы Ұлыбритания халқына тегін 
медициналық көмек бере бастады. Бірақ озық медициналық көмекті 
аламын деушілерге стационардан жалпы төсек-орынның 5% бөлініп, 
оны ақылы түрде жүзеге асырады. Ақысыз медициналық көмектің 
құрамында рецептпен болмашы ақшаға берілетін дəрі-дəрмектер, про-
тездер, көзілдіріктер жəне тағы басқа көмектер бар. 
Медициналық көмек пен медицина мекемелерінің жұмысы 85-
87% мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Қалған қаржы 
жеке меншік көздерден жəне ерікті сақтандыру қорынан алынады. 
Денсаулық сақтау саласының бюджеті өнеркəсіп орындарына жəне жеке 
тұлғаларға салынатын салықтан түзеледі. Парламенттің шешіміне сай
өкімет орны бұл қаржыны денсаулық сақтау министрлігінің құзырына 
береді.
Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау жүйесі өзіне тəн құрылымдық 
ерекшеліктермен сипатталады. Оның ішінде, амбулаторлық-емханалық 
мекемелер мен дəріханалардың жалпы тəжірибелік дəрігерлері, 
фармацевтері, тіс жəне көз дəрігерлері бар. Алғашқы медициналық-
əлеуметтік көмек жүйесінің, госпитальдардың, ауруханалық қызметтің, 
госпитальдар жанындағы емханалардың дəрігер-мамандары бар, оның 
қатарында стоматологтар мен офтальмологтар жəне стационардың 
өзге мамандары қарастырылған.
Қоғамдық муниципалитетке қарасты денсаулық сақтау қызметінде 
жəне санитарлық-гигиеналық мекемелерде дəрігерлер мен əлеуметтік 
медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Ұлыбритания мен Уэльстегі 
денсаулық сақтау саласында 60000 дəрігерлер жұмыс істейді. Олардың 
əрбір үшінші дəрігері жалпы тəжірибелік жүйеде, 30%-ы госпиталь-
дарда, қалғандары муниципалдық мекемелерде жұмыс атқарады.
Аталған секторлардың барлығы денсаулық сақтау министрлігінің 
бақылауымен жəне басқаруымен жұмыс істейді. Сонымен қатар əр 
сектордың өзіндік құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері бар. 
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек секторы немесе жалпы 
тəжірибелік дəрігерлер арнайы қамқорлық комитетінің бақылауында 
болады. Ол комитеттің құрамында əкімшілік, кəсіподақ, денсаулық 
сақтау салаларының жəне қоғамдық ұйымдарының мүшелері бар. 


176
Стационардың жұмысы ауруханалар кеңесінің бақылауына алынған. 
Оларды трастар деп атайды жəне осындай кеңестер əрбір ауданда 
жəне аймақта ұйымдастырылған. Кеңестердің құрамы да қамқорлық 
комитетінің құрамына сəйкес қалыптастырылған. Муниципалдық сек-
тор жергілікті əкімшілікке бағынады. Госпитальдың дəрігерлері мен 
жергілікті денсаулық сақтау саласының мамандары бекітілген та-
рифтер бойынша еңбекақы алады. Жалпы тəжірибелік секторындағы 
дəрігерлерге немесе дəрігерлер тобына еңбекақы қатаң тарифтер бо-
йынша төленеді. 
Алайда жалпы тəжірибелік секторда еңбек ететін дəрігерлер саны 
шектеулі болады. Жеке мамандықтар бойынша дəрігерлік кеңес госпи-
тальдар құрамындағы емханада жүзеге асырылады. Ұлыбританиядағы 
мемлекеттік жүйедегі медициналық қызметтің кемшіліктері де аз емес. 
Оның ішіндегі ең маңыздысы, қаражаттың жетіспеушілігі болып та-
былады. Бұл елде денсаулыққа бағытталатын қаржы жалпы табыс 
көзінің 6,5%-ын ғана құрайды. Сондықтан медицина мекемелерінде
заманауи аппараттар мен қондырғылар жеткіліксіз. Стационарға 
жату үшін кезекке тұру қажет. Денсаулық сақтау жүйесін басқару ба-
рынша орталықтандырылған. Ал, профилактикалық жұмыс медици-
на мекемелері мен дəрігерлерінің негізгі міндетіне айналмай отыр. 
Осы кемшіліктерді жою мақсатында денсаулық сақтау мекемелерін 
қаржыландыруды жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынуда 
жəне мекеме басшыларының құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, 
үш сектордың жұмысын ұштастыру мəселесі де қолға алынуда. Соңғы 
жылдары медициналық профилактикаға баса көңіл бөлінуде. 
Медициналық сақтандыру жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында жарық көрген Отто фон Бисмарктің сақтандыру заңдарынан 
кейін Германияда ендіріле бастады. 1883 жылы қабылданған осындай 
заңның бірі «Науқастануға байланысты жұмысшыларды сақтандыру»
деп аталды. Осындай заңдар Россияда (1912 жыл), Францияда (1915 
жыл) қабылданды. Денсаулық сақтаудың сақтандыру жүйесі алғаш рет 
Германияда Отто Фон Бисмарктің заңдары бойынша ендірілгендіктен 
«Бисмарк жүйесі» деп аталып кетті. 
Бұл жүйе бойынша медициналық көмек беру жұмысшылардың, 
қызметкерлер мен шаруалардың еңбекақысынан белгілі бір пайыздық 
мөлшерде алынатын жəне өнеркəсіп қожалықтарының табысынан жəне 
мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көзінен жүзеге асырылады. 
Еңбекақыдан бөлінетін жəне өнеркəсіп қожалықтарының табысынан 
бөлінетін қаржы көздері медициналық сақтандыру қорының негізгі 
бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджеттен сақтандыру қорына бөлінетін 
қаржы болмашы көлемде болады жəне ол қаржы төмен деңгейде 
əлеуметтік қамтамасыздандырылған тұлғаларды (мүгедектер мен 
жасөспірімдер, соғыс ардагерлері) медициналық сақтандыруға арналып 
жұмсалады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы 


177
көзіне жалпы ұлттық медициналық профилактикалық бағдарламалар 
жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандырудан түсетін 
қаржы медициналық көмекке кететін шығынды толық өтей алмайды.
Сондықтан медициналық көмекке қажетті қаржының белгілі бір бөлігі 
ерікті сақтандырылғандардың есебінен жəне жеке кəсіпкерлердің 
бөлген қаржысымен толтырылады.
Сақтандыру медицинасын басым етіп қалыптастырған елдердің 
ішінде Германия мен Франция денсаулық сақтау саласын дамыту-
да жақсы нəтижелерге жетіп отыр. Алайда осы жүйедегі елдердің 
сақтандыру медицинасын ұйымдастыру жолдары əртүрлі. 
Германияда медициналық сақтандыру жүйесі 1883 жылдан бастап 
жұмыс жасайды. Медициналық сақтандыру мемлекеттік əлеуметтік 
сақтандыру жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады. Осы 
жүйедегі медицина науқастарға, жарақаттанғандарға, жүктілердің бо-
сануына көмек береді. Оны жалпы тəжірибелік дəрігерлердің, білікті 
дəрігер мамандардың көмегімен емханалық жағдайда жəне стацио-
нарда жүзеге асырады. Науқастарды дəрі-дəрмектермен қамтамасыз 
етеді. Медициналық сақтандыруға мемлекеттің жалпы табысының 
8% жұмсалады. Ол денсаулық сақтау саласына бөлінетін шығынның 
(жалпы табыстың 13%) 61,5% құрайды. Сонымен, бұл мемлекеттің 
əрбір тұрғынын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 2000 
доллардан астам қаржы жұмсалады. Осы қаржының 60% əлеуметтік 
сақтандыру қорынан, 15% мемлекеттік қаржыдан, ал 15% - əр адамның 
жеке қаржылай салымынан құралады.
Денсаулықты сақтандыру шараларын 1200 сақтандыру кассалары 
жүзеге асырады. Олар бір ассоцацияға біріктірілген. Осы ассоциация 
қаржының жұмсалуын жəне дəрігерлердің сақтандыру медицинасы 
аясында атқарған медициналық-əлеуметтік жұмыстарын бақылайды. 
Кассалардың бірнеше түрлері бар. Оның ішінде, жергілікті сақтандыру 
кассалары (сақтандырылғандардың жұмыссыз отбасы мүшелері үшін) 
тұрғындардың өмір сүру аумағында ұйымдастырылады. Өндірістік 
сақтандыру кассалары жұмысшылардың еңбек ету орындарында, 
өндірістік сала бойынша (кеншілер, ауыл шаруашылық мамандары, ме-
таллургтер жəне т.б.) ұйымдастырылады. Бұл мемлекет тұрғындарының 
90% сақтандыру медицинасымен қамтылған. 
Дəрігерлер мен сақтандыру ассоциациялары белгілі бір мерзімге 
медициналық қызмет тарифтерін тағайындайды. Оларды бірліктер 
немесе пункттер түрінде көрсетеді. Сақтандыру дəрігерлері мен 
ұйымдары осы тарифтың шегінен шықпауы тиіс. Денсаулық сақтау 
ісін басқару Федеральдық денсаулық сақтау министрі жүзеге асырады. 
Муниципалдық мекемелер жергілікті əкімшілікке бағынады. Жалпы 
барлық медицина мекемелері федеральдық, аймақтық (облыс) жəне 
жергілікті əкімшіліктің құзырына қарайды. Алайда денсаулық сақтау 
ісін басқару органдары сақтандыру кассалары мен ассоциацияларына 
билік жүргізе алмайды.
12–7438


178
Францияда сақтандыру медицинасының қаржылай қорының 
13,5% жұмыс иелерінің салымынан, 6,5% сақтандырушылардың 
қаржысынан жəне мемлекеттің сақтандыру қорына бөлген қаржысынан 
түзеледі. Əлеуметтік сақтандырудың 20 астам түрі бар. Оның ішінде 
науқастануға, жүктілікке, босануға байланысты медициналық 
сақтандыру белсенді жұмыс атқарады. Сақтандыруға жалпы денсаулық 
сақтау ісіне жұмсалатын қаржының 75% шығындалады. Денсаулық 
сақтау саласына жұмсалатын өзге шығындар жеке адамдардың са-
лымымен жəне ерікті медициналық сақтандыру қаржысымен жүзеге 
асырылады. Əлеуметтік сақтандыру саласында 90 астам компания 
жұмыс атқарады. Олардың жұмысын бір Жалпыұлттық компания 
қадағалайды. Осы компаниямен медицина мекемелері мен дəрігерлер 
келісімшартқа отырады. Ал медициналық қызметтің бағасын өкімет 
белгілейді жəне оны үнемі қайта қарап отырады. Медициналық көмекке 
кететін шығынды əлеуметтік сақтандыру қоры толығынан өтей алмай-
ды. Оның шамасы жалпы шығынның 75% жетеді жəне сақтандырумен 
тұрғындардың 80% қамтиды. Əдепкіде науқас медициналық көмекке 
қажетті шығынды толығынан өз қалтасынан өтейді. Ал сақтандыру 
ұйымы науқасқа медициналық көмекке жұмсалған шығынның 70-90% 
қайтарады. 
Сақтандыру мекемесінің жəне сақтандыру медицинасы мекемелері 
мен дəрігерлерінің жұмысын жалпы ұлттық сақтандыру компания-
сы, сақтандыру кассаларының (компанияларының) ассоциациясы, 
дəрігерлердің кəсіподағы, еңбек, əлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау 
министрліктері қадағалайды. 
Франция мемлекетіндегі сақтандыру медицинаның құрылымы мен 
басқару жүйесі өзге елдердегі құрылым мен басқару жүйелеріне ұқсас 
болып қалыптастырылған. Франциядағы денсаулық сақтау ісінің негізгі 
қызметкері жалпы тəжірибелік дəрігер немесе отбасылық дəрігер бо-
лып табылады. 
Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) денсаулық сақтау 
жүйесі нарықтық экономикаға барынша бейімделген. Бұл мемлекет-
те денсаулық сақтауды ұйымдастырудың жеке бір түрі басымдылыққа 
ие болған емес. Алайда, денсаулық сақтаудағы негізгі ұйым – жеке 
меншіктегі ерікті медициналық сақтандыру қоры болып табылады. 
Бұл жүйемен АҚШ тұрғындарының 80% қамтылған. Сақтандырудың 
осы түрінің қаржысымен медициналық көмектің 35%, оның ішінде 
ең қымбат ауруханалық дəрігерлік көмек көрсетіледі. Медициналық 
көмекке жұмсалатын жалпы шығынның 40% мемлекеттік бюджеттен 
жəне қоғамдық бағдарламалар қорынан қаржыландырылады. Оның 
ішіндегі ең басты қоғамдық бағдарламалар «Медикэр» (65 жастан 
асқан адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін) жəне 
«Медикеид» (кедейлер мен жұмыссыздарды медициналық көмекпен 
қамтамасыз ету үшін) деп аталады. Бұл бағдарламалар ХХ ғасырдың 60 


179
жылдары парламенттің шешімі бойынша қабылданған. Медициналық 
көмекке жұмсалатын қаржының өзге бөліктері тұрғындардың өз 
төлем ақылары (20% астамы) жəне діни, қайырымдылық қорлары мен 
ұйымдардан түскен қаржы көздерінен түзеледі. 
Америка Құрама Штаттарының денсаулық сақтау ісіне жұмсайтын 
қаржысы жалпы ішкі табыстың 15% құрайды жəне əр жан басына балап 
есептегенде 4000 доллардан асады. Бұл елде 2000 астам медициналық 
сақтандыру компаниясы жұмыс атқарады. Олардың арасында «Көк 
крест» жəне «Көк қалқан» атты екі ірі компания ауруханалық жəне 
ауруханадан тыс медициналық көмекті сақтандыру жұмысымен ай-
налысады. Олар өздерін коммерциялық компанияларға жатқызбайды 
жəне барынша пайда табуға ұмтылмайтындықтарын айтады. Алайда 
олардың табыстары кез келген коммерциялық ұйымдардың табысы-
нан бірнеше есеге артып түседі. Медициналық сақтандырудың түрлері 
өте көп. Оның ауруханалық, дəрігерлік, емханалық, хирургиялық 
жəне тағы басқа түрлері белгілі. Егер медициналық көмектің барлық 
түрлерінен сақтандырылсаңыз да, медициналық көмекке жұмсалған 
шығыныңызды толық қайтарып ала алмайсыз. Осыған қарамай АҚШ 
тұрғындарының 17% ғана сақтандырылмаған. Себебі бұл елдегі 
көрсетілетін медициналық көмектің құны өте жоғары жəне тоқтаусыз 
өсу үстінде. 
Қазіргі күні АҚШ-та ерікті сақтандырудың орнына арзан жеке 
медициналық көмекке сақтандыру жасайтын ұйымдар көбее түсуде. 
Оның ішінде, ауруханалық көмектің жеке жəне негізгі түрлеріне 
сақтандыру белең алуда. Ерікті сақтандырудың кеңінен таралуына ба-
сты себеп, оны жұмыс берушілердің қолдауында жатыр. Салықты азай-
ту жəне жұмысшылар қолын сақтап қалу үшін ірі өндірістік компания-
лар өз жұмысшыларын сақтандыруға көп қаржы бөлуде. Шындығында 
бұл қаржылай шығындарды өндірілген тауарлардың өзіндік бағасына 
қосады. 
Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау мекемелері мен маман-
дарының 8-10% ғана құрайды. Денсаулық сақтау департаменті 
(министрлігі) барлық медицина мекемелерінің жұмысын үйлестіреді, 
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қадағалауды қамтамасыз 
етеді, дəрілерді өндіру жəне сату ісін бақылайды, тағамдық қоспаларды 
тексереді жəне таратылуын қадағалайды, өзіне қарасты медицина 
мекемелерін жеңілдіктермен көмек беретін компанияларға қолдануға 
береді. Ал, Ұлттық денсаулық сақтау институты медицинаның өзекті 
мəселелері бойынша зерттеу бағдарламаларын орындап, мамандарды 
даярлау ісін үйлестіреді. Жеке ұйымдардың саны аса көп емес, бірақ 
барлық медицина мекемелерінің, клиникалардың жартысынан аста-
мы жеке меншікте болып қалуда. Бұл мекемелердегі медициналық 
қызметтің сапасымен қатар бағасы да аса жоғары. 
АҚШ-та қайырымдылық, миссионерлік, діни медициналық 


180
сипаттағы мекемелер де аз емес! Олар конфессиялар мен меценаттардың 
бөлген қаржысына қызмет көрсетеді. Тегін медициналық көмек беретін
мекемелер жоқ, алайда жеңілдіктермен қызмет көрсететін ұйымдар бар. 
Олар тұрғындардың əлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарына емдеу, 
профилактика жəне реабилитация шараларын тегін ұйымдастырады. 
АҚШ-та денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қыруар қаржы меди-
цина тəжірибесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізуге жəне 
медициналық көмек сапасын тоқтаусыз арттыруға жол ашады.
Денсаулық сақтау саласында 200 астам халықаралық медицина 
ұйымдары мен ассоциациялар жұмыс атқарады. Олардың қатарында 
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), 
Халықаралық балалар қоры (ХБҚ) немесе ЮНИСЕФ, Ғылым 
мен Мəдениет саласының Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), 
Халықаралық атом энергиясының агенттігі (МАГАТЕ) жəне тағы басқа 
ұйымдар бар. Денсаулық сақтау саласындағы ең ірі жəне маңызы үлкен 
халықаралық ұйым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып та-
былады (ВОЗ - ДДСҰ).
Бұл ұйым 180 халықаралық медицина ұйымдарымен, агенство-
лармен жəне ассоциациялармен байланыс орнатқан. Халықаралық 
медициналық ұйымдардың тарихы 1851 жылы Парижде өткен 
эпидемияларға қарсы күрес мəселесіне арналған халықаралық конфе-
ренциядан бастау алады. Осы жəне одан кейін өткен конференциялар 
эпидемияларды ауыздықтауға бағытталған бірлескен халықаралық 
санитарлық конвенция қабылдап, эпидемияға қарсы ірі күрес шара-
ларын бүкіл жер бетінде жүзеге асыруға жол ашты. 1907 жылы Рим 
қаласында өткен конференцияда Халықаралық медицина ұйымын құру
туралы шешім қабылдады. Оны Халықаралық қоғамдық гигиена бю-
росы (ХҚГБ) деп атауды жөн деп тапты. Бұл бюро Париж қаласында 
орналасты жəне 1946 жылға дейін жұмыс істеді. ХҚГБ ұйымдастыру 
туралы конвенцияға 55 мемлекет қосылды. Бұл бюро халықаралық 
санитарлық конвенцияларды, карантиндік ережелерді сақтауды, 
карантиндік аурулар туралы деректерді таратуды қамтамасыз етті. 
1923 жылы Ұлттар лигасын құрғаннан кейін денсаулық сақтау ұйымы
тағайындалды. 
Бұл ұйымның шешетін мəселелері ХҚГБ-ның жұмыстарына сəйкес 
болды. 1946 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының І басты ассам-
блеясында жаңа денсаулық сақтау ұйымын құрып, оның құзырына 
денсаулық сақтау ұймының міндеттерін жүктеу туралы шешім 
қабылданды. 1946 жылдың 19 маусымынан 11 шілдеге дейінгі аралықта 
Нью-Иорк қаласында өткен халықаралық конференцияның отыры-
сында 51 мемлекеттің делегациясының қатысуымен Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымының жарғысы қабылданды жəне ХҚГБ-
ны тарату туралы шешім қабылданды. Ал 1948 жылдың 7 сəуірінде 
Біріккен Ұлттар Ұйымының 26 мүше мемлекеттері делегацияларының 


181
қолдауымен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) 
жарғысын бекітілді. Осыдан бастап ДДСҰ толыққанды халықаралық 
ұйым болып қалыптасты. Бұл ұйымның жарғысын да «Барлық жер беті 
халықтары арасында мүмкін болған денсаулықтың ең жоғарғы деңгейі-
не қол жеткізу» мақсаты көрсетілген. Сондықтан əр жылдың 7 сəуірінде 
Халықаралық денсаулық күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы денсаулықты барынша кең ауқымда қарастырады жəне 
оны «тек ауру мен кемістіктің жоқтығы емес, толық физикалық, рухани 
жəне əлеуметтік бақуаттылық» деп есептейді.
ДДСҰ-ның қызметі жалпы бағдарламаға сай əр 5-7 жылға 
жалғасады, жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлы түрде 2 жыл деп 
қарастырылады.
Соңғы қабылданған бағдарламаның негізігі бағыттары:
- ұлттық денсаулық сақтаудың негізгі шарттары негізінде 1970 
жылы қабылданған денсаулық сақтау жүйесінің дамуын жүзеге асы-
ру;
- ДДСҰ Алматы конференциясында алғашқы медициналық- 
санитарлық көмекті дамыту туралы декларациясын жүзеге асыру;
- адамдар қорын дамыту немесе мамандарды даярлау жəне олардың
біліктігін арттыру;
- əртүрлі топтағы тұрғындардың денсаулығын қорғау жəне 
күшейту;
- қоршаған ортаны қорғау;
- инфекциялық жəне паразитарлық ауруларға қарсы күрес; имму-
низация жəне вакцинация жұмысын күшейту;
- тұрғындардың рухани денсаулығын арттыру, жүйкесін күшейту 
жəне қорғау;
- денсаулық сақтау мəселелері бойынша толық ақпаратты тарату;
- Ғылыми медициналық зерттеу бағдарламаларын одан əрі кеңейту, 
кеңес беру жəне техникалық көмек беру мəселері.
1981 жылы ДДСҰ қабылдаған стратегияға сəйкес ″2000 жылға қа-
рай жаппай дені саулыққа қол жеткізу″ бағдарламасы жүзеге асырылу-
да. Бұл міндетті 1980 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 
бас директоры Х. Маллер былайша түсіндірді: ″Əрбір адамның жəне 
əрбір отбасының бақуаттылығы, олардың салауатты өмір сүруін 
қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастырады″. ″Барлығына дені 
саулық″ деген ұғымды медициналық-демографиялық жəне əлеуметтік 
көрсеткіштермен сипаттауға да күш салынды.
Медициналық-демографиялық көрсеткіштердің қатарында 
нəрестелер өлімі, туылғандағы нəрестенің салмағы, орташа өмір 
сүру ұзақтығы, медициналық көмекке қойылатын талаптар бар. Ал 
медициналық қөмекті қамтамасыз етуде аса маңызды деп алғашқы 
медициналық-əлеуметтік көмекті дамыту мəселесі қарастырылады. 
Бұл мəселені шешуге ДДСҰ арнайы бағдарламасы жасалған. Айта 


182
кететін мəселе, ДДСҰ-ның кең ауқымды бағдарламаларын жүзеге асы-
ру үшін жалғыз осы ұйымның күші жетпейтіндігі анық.
Сондықтан ДДСҰ-ның бағдарламаларын жүзеге асыруға осы 
ұйымға мүше елдердің денсаулық сақтау ұйымдары белсене араласуы 
қажет. Ал ДДСҰ-ы əрбір елдің денсаулық сақтау ұйымдарына сарап-
тама жасауы, техникалық жəне кеңес беру жұмыстарын атқаруы тиіс. 
Дəл осы мəселе бойынша, ДДСҰ-ын көп жылдар бойы басқарған М. 
Кандау мырза ″ДДСҰ міндетті əрбір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 
қалыптасқан өзекті мəселесін өз бетінше шешуге үйрету″ деп атап 
көрсеткен.
Соңғы дүниежүзілік ассамблеяда ″Барлығына бірдей дені саулыққа 
қол жеткізу″ стратегиясын 2000 жылдары одан ары жалғастыру туралы 
шешім қабылданды. ДДСҰ-ның бюджеті осы ұйымға мүше елдердің 
жарнамаларынан тұрады. Осы бюджеттің 25% Америка Құрама Штат-
тарынан түседі. Кеңестер Одағының тарауынан кейін пайда болған 
тəуелсіз елдердің барлығы ДДСҰ-на мүше болып енді.
Сонымен ДДСҰ-ына қазіргі таңда 192 ел мүше болып отыр. ДДСҰ-
ның секретариатының құрылымы орталықтандырылмаған. Оның 6 
аймақтық бюролары ұйымдастырылған: Европа елдеріне, Америкаға, 
Шығыс Жерорта теңізі аумағы елдеріне, Оңтүстік-Шығыс Азия ел-
деріне, Тынық мұхиттың батысында орналасқан елдерге, Африкадағы 
сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдерге қызмет көрсететін 
бюролары бар. Осы бюроларда жəне ДДСҰ-ның штаб-квартирасында 
4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
ДДСҰ жыл сайын өтетін дүниежүзілік ассамблеясына барлық осы 
ұйымға мүше елдердің делегациясы қатысады. Ассамблеяның ара-
сында атқару комитетінің сессиясы болып тұрады. Атқару комитетіне 
30 мемлекеттен тағайындалған делегаттар қатысады.Олардың ішінде 
АҚШ, Россия, Ұлыбритания, Франция, Қытай Республикасының деле-
гаттары атқару комитетінің тұрақты мүшелері болып табылады. ДДСҰ 
өзекті мəселерді талқылауға жəне кеңес беру жұмыстарына 1000 аса 
белгілі денсаулық сақтау саласының қайраткерлерін тартады.
Бұл ұйым шығаратын басылымдар ішінде 20 астам журналдар 
мен жұмыс құжаттары, оның ішінде ДДСҰ бас директорының есебі, 
статистикалық материалдар комитеттер мен кеңес құжаттары бар. 
Сонымен қатар, атқарушы комитеттің жəне ассамблеяның есептері 
де қарастырылған. ″ДДСҰ бюллетені″, ″Денсаулық сақтау ісінің 
халықаралық форумы″, ″Дүниежүзінің денсаулығы″ деген белгілі жур-
налдар, монографиялар мен техникалық баяндамалар жүйелі түрде ба-
спадан шығып, барлық ұйымға мүше елдерде таратылады.
ДДСҰ ең табысты шараларының қатарына безгек ауруына, көптеген 
аса қатерлі жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған иммуниза-
ция мен вакцинация жұмыстарын айтуға болады.


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет