8
денсаулықты сақтау жəне жақсарту мəселелеріне арналса,
екінші
бөлімі – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мəселелерін қамтиды.
Осы пəнді оқу барысында алған білім, дəрігерлердің өз мамандығы
саласында тиімді еңбек етуінің кепілі болып табылады. Себебі олар
өз мамандығының аясында пациенттердің денсаулығын бағалау,
медициналық көмекті ұйымдастыру, жаңа профилактикалық əдістер
мен технологияларды жұмысына енгізу,
емдеу-профилактикалық шара-
ларды жүзеге асыру, диспансеризацияны сапалы іске асыру, көрсетілген
медициналық көмектің сапасын анықтау, еңбекке жарамдылықты са-
раптау жұмыстарын жете меңгеруі тиіс.
Оқулықта жоғарыда аталған мəселелердің қазіргі жағдайы жəне
оны тиімді шешу жолдары баяндалған. Тұрғындардың денсаулығын
қорғаудың құқықтық негіздері, денсаулық көрсеткіштеріне əлеуметтік-
гигиеналық жəне өмір сүру салты себептерінің əсері, өмір сүру сапасын
бағалаудың жолдары, жаңа экономикалық
қатынастарды денсаулық
сақтау жүйесін қайта құру барысында ұтымды қолдану, менеджмент
пен маркетингті медицина мекемелерінің қарқынды дамуында пайда-
лану, əртүрлі медициналық жағдайда қалыптасатын этика мəселелері
кешенді жəне тереңдете ашып көрсетілген.
Пəннің құрамы отандық жəне шетелдердегі осы саладағы
жетістіктерге сай түзілген. Кітаптың негізгі тарауларында оқу
пəнінің тарихы, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, еліміздегі жəне
шетелдердегі денсаулық сақтау жүйесі мен медицинаның негізгі
теориялық мəселелері, халықтың денсаулық жағдайы мен оны зерттеу
əдістері, салауатты өмір
салтын қалыптастыру жолдары, медициналық
статистика əдістерін қолдану, ұйымдастыру жəне басқару мəселелері,
тұрғындардың əртүрлі топтарына медициналық көмек беру, денсаулық
сақтау жүйесін жетілдірудің өзекті мəселелерін ашып көрсету жолда-
ры баяндалған.
Оқулық медициналық оқу орны студенттеріне, «Қоғамдық ден-
саулықты сақтау» мамандығы бойынша магистратурада,
РhD док-
торантурасында оқып жүрген, біліктілікті арттыру факультеттерінде
білімін арттырып жүрген курсанттарға арналған.
Оқулықтың құрамы жəне мағынасы жөніндегі ой-пікірлеріңізді
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «№1
Қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасына жіберуіңізді сұраймын.
Автор.