Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет128/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
10.7. Каталитикалық риформинг
Термиялық крекинг пен каталитикалық крекинг процестері мұнай 
өңдеудің екінші реттік процестеріне жатады, мұнда мұнайдың өзі 
өңделмейді, мұнайды алғашқы өңдеуден кейін алынған фракциялар 
өңделеді. 
Мұнай өңдеудің екінші катализдік процесіне басқа да катализдік 
процестер – мұнай өнімдерінің риформингі жатады. 
Риформинг – бензинді ароматтау процесі, бұл процесте платина 
катализаторлары қатыстырыла отырып, бензинді қыздырады. Қыз-
ды 
ру барысында циклопарафиндер аромат көмірсутектеріне айна-
ла ды, нəтижесінде бензиннің октан саны өседі. Ароматтау процесі 
мұнайдағы бензин жəне аромат көмірсутектерін алу үшін де қол да-
нылады.
Əртүрлі мұнайлардың бензин фракцияларының фракциялық жəне 
топтық химиялық құрамы жағынан айырмашылығы бар. Көбінесе 
олардың құрамында 60-70% парафин-нафтенді, 10% ароматты жəне 
20-30% алты жəне бесмүшелі нафтен көмірсутектері болады. Парафин 
көмірсутектерінің арасында қалыпты құрылымды көмірсутегі жəне 
бірметил алмасқандары көбірек. Нафтендер негізінен гексансақиналы 
жəне пентансақиналы алкил-гомологтардан, ароматтық-алкилбензол-
дардан тұрады. Мұндай құрам бензиннің октан санын əдетте 50-ден 
жоғары көтере алмайды. 
Каталитикалық реформингтің негізгі мақсаты – бензиннің октан 
санын көтеру, таза ароматты көмірсутектерін (бензолды, толуолды 
жəне ксилолдарды) алу, сонымен қабат гидрлеу процестеріне арзан 
су текті газ (СГ) алу. Каталитикалық риформинг мұнай өнімдерінің 


271
сапасын көтеру жағынан каталитикалық процестердің ішінде мұнай 
өңдеуде де жетекші рөл атқарады. 
Каталитикалық риформинг процесінің негізгі реакцияларының 
бірі алты мүшелі циклоалкандардың дегидрлену реакциясы болып 
саналады. Өндіріс жағдайларында риформингтегенде осы реакция 
нəтижесінде көп ароматты көмірсутектер шығады. 
Алты мүшелі циклоалкандар риформинг кезінде тиісті ароматты 
көмірсутектеріне өте тез жəне іс жүзінде түгел ауысады.
Реакция катализатордың металдық орталарында жүреді жəне оған 
жоғары температура жəне сутегінің төмен меншікті қысымы əсер ете-
ді. Циклогексан гомологтарының дегидрлену жылдамдығы, ядро сы 
таза сақиналы гексаннан көп. Мұндай жағдай ауысқан құрылым дар-
дан басқа, алдын ала изомерлеуді талап ететіні байқалады. 
Басқа өте маңызды реакция сақиналы пентан көмірсутектерінің 
ароматты көмірсутектеріне қос функциялы катализаторларда ме тал-
дық жəне қышқылдық актив орталардың қатысуымен жүреді жəне 
соңғылармен анықталады. 
мұндағы, Ме – металл орта; қо – қышқыл орта.
Сақиналы пентандардың ароматтану жылдамдығы жəне 
талғамдығы сақиналы гексан көмірсутектерінен тиісінше көп төмен. 
Бесмүшелі нафтен көмірсутектерінің дегидроизомерлену жыл 
дам-
дығы молекулалық салмағы мен процесс температурасы өскен сайын 
жəне сутегінің меншікті қысымы азаюымен артады. 
Парафин көмірсутектерінің дегидроциклденуі – ароматты көмір-
сутектері түзілуіне əкелетін реакциялар ішіндегі ең қиыны. Ол 
парафин көмірсутегінің нафтенді көмірсутекке ауысуда молекуласы 


272
қайта құрылымы өте қиын жүретін реакция. Парафин көмірсутектерін 
риформингтеу процесінде əуелі бес жəне алты мүшелі нафтендер тү-
зіледі, олар одан əрі ароматты көмірсутектерге айналады. Көміртегі 
атомдарының түзілуші сақинадағы санына байланысты бұл реакция-
лар С
5
немесе С
6
дегидро-сақиналану тиісінше деген атқа ие болды. 
Бес жəне алты мүшелі сақина түзілу парафин көмірсутектерін аромат-
тау процесінде, бастапқы көмірсутегінің құрылымына, катализатор 
түріне жəне процесс жағдайына байланысты. 
Парафинді көмірсутектерінің молекулалық массасы өсуімен 
реакция жылдамдығы артады. Алкандардың ароматтану реакциясы 
қосфункциялы катализатордың металдық жəне қышқылдық активті 
орталардың қатысуымен жүреді жəне температураның өсуімен сутегі 
парциалды қысымның азаюымен тездетіледі.
Гидрокрекинг жəне гидрогенолиз реакциялары конкурентті 
реакциялар болып саналады. Процестің талғамдығы, катализатор қа-
сиетіне жəне жағдайына байланысты алшақ шекте өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет