Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет138/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   150
Байланысты:
munai

11.2. Мұнайға ілеспе газдар
Мұнайға ілеспе (серіктес) газдар пайда болуы жөнінен табиғи 
газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге 
кездесуіне байланысты, олар мұнайда еріген күйде болады немесе 


292
мұнай кенінің үстін «бүркеп» жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, 
қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан оңай бөлініп 
шығады.
Ертеректе мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай 
өндіретін жерде оны жағып жіберетін болған. Қазір ондай газдарды 
жинап алады, өйткені олар табиғи газ сияқты жақсы отын жəне 
бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен 
бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едəуір 
мөлшері болатындықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи 
газға қарағанда едəуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда, 
химиялық өңдеу жолымен ілеспе газдардан заттарды көп мөлшерде 
алуға болады.
Ілеспе газдар да мұнаймен бірге өндіріледі. Мұнай жер бетіне 
шығарда қысымның азаюына байланысты газ мұнайдан бөлінеді. 
Ілеспе газдар майлы газдарға жататындықтан, олар жеңіл бензинді 
бөліп алатын шикізат көзі болып есептеледі.
Газ-конденсатты кенорындарының газдары қабаттағы жағдайда, 
сұйық мұнай көмірсутегімен қанығады. Мұндай газ жер бетіне 
шыққанда, қысымның төмендеуіне байланысты сұйық фаза 
конденсат күйінде басты массадан оңай айырылады. Газ-конденсатты 
кенорындарының газдары көп көлемде метанды, сонымен бірге 
бензиндік, керосиндік, кей жағдайда мұнайдың дизельдік фракция-
сына кіретін жоғары молекулалық қосылыстардан тұрады. Соңғы 
жылдары ашылған газ кенорындары газ-конденсатты түрге жатады. 
Мұндай кенорындары газдарында – 2-5% кейде одан да көп мөлшерде 
сұйық көмірсутектер болады.
Ілеспе жəне газ-конденсатты кен орнының газ құрамы.
Ілеспе 
газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға 
бөледі. Пентан, гексан жəне басқа көмірсутектердің қалыпты жағ-
дайда сұйық күйде болатын қоспалары, газды бензин түзеді (олар 
мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен 
бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропан-бутан қоспа сын 
бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан 
мен этан қоспасынан кұралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш 
сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді оталдырған 
кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. 


293
Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде, 
тұрмыста жəне автомобильдік көліктерде пайдаланылады. Құрамы 
жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі жəне басқа да 
заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. 
32-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет