59
жəне оның туындылары кездеседі. Мұнайдың жоғары температурада
қайнайтын фракцияларында 3,4 жəне 5 бензол сақиналары бар екен-
дігі анықталған. Олар аценафтен, антрацен, фенантрен.
Арендердің детонациялық тұрақтылығы жоғары, октан саны да
жоғары. Метил тобының мета- жəне пара- орындарында болуы октан
санын өсіреді, ал орто- орындағысын кемітеді.
Арендердің тұтануы төмен, цетан саны да төмен. Сондықтан тез
жүретін дизельдерде арендері бар отындар көп қолданылмайды.
Бүйірлі тізбегі қысқа, көп сақиналы арендерді мұнайды вакуум-
да айдағанда май фракцияларынан əртүрлі тазалау əдістерімен
бөліп жіберу керек, себебі олардың май құрамында болуы майлай-
тын майлардың сапасын төмендетеді. Арендер мұнай-химия жəне
органикалық синтезге қажетті, өте құнды шикізат. Олардан хи-
мия өндірісінде синтетикалық каучуктер, пластмассалар, жасанды
талшықтар, бояулар, фармацевтикалық заттар өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: