Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары



Pdf көрінісі
бет9/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
Байланысты:
munai

2.1. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары
Қазіргі уақытта Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс 
істейді. Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады. Оларға: 
Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады, 
олардың жалпы қуаты жылына 20,7 млн. тоннаны құрайды.
Атырау МӨЗ
қуаты жылына 5,7 млн. тонна мұнайды құрайтын, 
Ресей шикізатына тəуелсіз жалғыз зауыт болып табылады. Ол 
Маң 
ғыстау жəне Теңіз мұнай кен орындарының құбырларымен 
бай 
ланысқан. Зауыттың салынуы «Баджер» фирмасының жобасы 
бойынша 1943 жылы басталды, ал 1945 жылдың қыркүйек айында ең 
алғашқы өнім шығарылды. 
1960 жылы Ембінің анағұрлым ауыр, шайырлы мұнайы өңделе 
бастады. 1965 жылы Оңтүстік Маңғыстаудың жаңа кен орындарының 
игерілуіне байланысты зауытқа алғаш рет Маңғыстау мұнайы жет-
кізілді. Оны өңдеу үшін кəсіпорынды қайта құру жұмыстары жүзеге 
асырылды, мұның өзі зауыттың өндірістік қуатын арттыра түсті.
Бұл кеңейту мен модернизация үшін географиялық тұрғыдан 
қолайлы жерде орналасқан жалғыз зауыт. Зауытта тауарлы өнімнің 
кең түрлері шығарылады, ол тауар экспортқа шығарылуы мүмкін. 
Бұл АИ-76, АИ-93, қазандық отыны, мазут, тұрмыстық газ жəне басқа 
да тауарлар болып табылады. 
Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен 
орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды 
өңдейді. 1960-80 жылдар аралығында мұнайды өңдейтін барлық 
технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы 
жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4,3 млн. 
тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құрудың негізгі мақсаты 
ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерек-
шеліктеріне сəйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған 
ортаға зиянды əсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай 
өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс 
орындарын құру болатын.


19
Осы міндеттерді орындау үшін бензинді гидротазалау, дизель 
отынын гидротазалау, депарафиндеу, изомерлеу, сутегін алу, ағын-
ды суларды биологиялық тазалау жəне күкірт өндірудің жаңа қон-
дырғылары салынды.
2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 150 
ррм-ден артық емес) сəйкес келетін бензиннің жəне Еуростандартқа 
(құрамындағы күкірт 50 ррм-ге дейін жəне минус 35 градуста қататын) 
сəйкес келетін дизель отынының бірінші партиясы шығарылған 
болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқта-
тылды, нəтижесінде АИ-80 маркалы бензиннен АИ-93/96 маркалы 
бензинге дейін жақсартылды.
1978 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытының 
мұнайды өңдейтін 
құрама қондырғысы пайдалануға берілді. 1979 жылы битум қон-
дырғысы мен күкірт өндіру қондырғысы іске қосылды.
Негізгі тауарлы өнімдері: автомобиль бензині, реактивті қозғалт-
қыштар үшін отын, дизельдік жəне қазандық отыны, сұйылтылған 
тұрмыстық газдар, битумдар, күкірт, сондай-ақ изопентан, пропиленді 
пропан газдары жəне бутиленді бутан фракциясы. Технологиялық 
қондырғылар осы заманғы тиімділігі жоғары жабдықтармен қам-
тамасыз етілген. 
Павлодар мұнай өңдеу зауыты мұнайды отын жолымен өңдеуге 
арналған жəне үздік Еуропалық өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 
85%-ға дейін тереңдете өңдей алады. Мұнайды өңдеу мынадай 
процестерді қолдана отырып жүзеге асырылады: 
- мұнайды электрмен сусыздандыру жəне тұзсыздандыру; 
- сусыздандырылған жəне тұзсыздандырылған мұнайды алғаш 
айдау; 
- бензиндерді, реактивті жəне дизель отындарын сумен тазалау; 
- бензин фракцияларының каталитикалық риформингі; 
- каталитикалық крекинг; 
- газбен фракциялау; 
- мұнай битумдарын өндіру; 
- кокс өндіру;
- күкірт өндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет